2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) 21 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) асырауында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар жатады.
Тармақ 2
2. Ауданның селолары мен селолық округтерінің әкімдері «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, халықтың нысаналы топтарына жататындарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қарастырсын.
Тармақ 3
3.
«Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататындарды уақытша жұмыспен қамту және кәсіби даярлау жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2)
халықтың нысаналы топтарына жататындардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Кәженовке жүктелсін.