Қолданыстағы ред. 25.03.2006 (Редакция 27392_312234.kaz)

«2006 жылғы көктемгі су тас тасқынына қарсы шаралар туралы» от 25.03.2006 г. № 03 («2006 жылғы көктемгі су тас тасқынына қарсы шаралар туралы»)

0

«2006 жылғы көктемгі су тас тасқынына қарсы шаралар туралы»
Қазақстан Республикасының Табиғи техногендік сипаттығы төтенше жағдайлар туралы Заңының 1-ші және 5-ші баптарына сәйкес Сабынды ауылдық округі аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу үшін Сабынды ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Сабынды ауыл округі аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы ауыл округтік штаб Сабынды ауыл әкімі Ф.Р Жұмабаеваның басшылық етуімен кұрылсын (Қосымша 1)

2

2. Сабынды ауыл округі аумағыңда 2006 жылы көктемгі су тасқынын катерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар жоспары бекітілсін (Қосымша 2)

3

3. Округтегі барлық шаруашылық кешендері ауылдын бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындауын сұраймыз.

5

5. Осы шешімнін орындалуынын бақылауы ауыл әкімі тасқын суға қарсы ауылдық штабынын бастығы Ф.Р.Жумабаеваға жүктелсін.

6

6. 2005 жылғы 05 сәуір № 1 «2005 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» шешімінің күші жойылсын.

7

7. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Келісілді:
ЖШС «Талды» директоры Мейрамов Амангелді Акімұлы
ЖШС «Жаңа» директоры Қасенов Марат Қыстаубайұлы
ЖШС «Ғалымжан» директоры Смайлов Абдыхасен Абдрахманұлы
МКО «Нура су құбыры» басшысы Төкенов Ғабдулла Төкенұлы

7. Су тасқынына қарсы ауыл округтік штабы

«2006 жылғы көктемгі су тасқынына
қарсы шаралар туралы»
2006 жылдың 25.03 №3
шешіміне 1 қосымша
Су тасқынына қарсы ауыл округтік штабы
Жумабаева Фарида Рахматуллақызы Ауыл әкім, штаб бастығы
Мейрамов Аманкелді Әкімұлы ЖШС «Талды » директоры
Қасенов Марат Қыстаубайұлы ЖШС «Жаңа» директоры
Смайлов Қасен Абдырахманұлы ЖШС «Ғалымжан» директоры
Тукенов Ғабдулла Тукенұлы «Нұра су құбыры» МКО мекеме басшысы
Жакупбеков Жексенбай Балтабайұлы Сабынды ауыл округі учаскелік полиция инспекторы
Даулетбекова Гүлжанат Аманжолқызы Сабынды жаұялық амбулаториясының фельдшері
Абеев Серік Едігеұлы Ә.Үсенов атындағы Мектеп директоры
Саметова Орынбасар Балмағанбетқызы Ш.Уәлиханов атындағы Мектеп директоры
Айтымбетов Бегалы Электр жүйлерінің Сабынды Учаскесінің маманы

8. 2006 жылы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындау бойынша шаралар жоспары

«2006 жылғы көктемгі су тасқынына
қарсы шаралар туралы» 2006 жылдың
25.03 №3 шешіміне 2 қосымша
2006 жылы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындау бойынша шаралар жоспары
Рет сан ы
Шаралар атауы
Орындау
мерзімі
Орындаушылар
1
Сабынды, Қараегін, Алғабас ауылдарының Нұра өзенінің және көлдердің маңайларында орналасқан үйлердің көктемде су тасқыны кезінде су басып кету қаупінін алдын алу үшін шаралар қолдану
Сәуір айы
Мейрамов А.А. Қасенов М.Қ. Смаилов Қ.А. Келісім бойынша
2
Көктем кезінде жолдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілсін.
Сәуір айы
Төкенов Ғ.Т. Келісім бойынша
3
Су тасқыны кезінде су астында қалған, сумен қоршалып қалған жерлердің тұрғындарын, ауыл шаруашылық малдарын қауіпті аумағынан көшіру мүмкіндігін және уақытша баспана орындарын дайындау, медициналық көмек көрсету
Су тасқынына қарсы штаб Келісім бойынша
Су тасқынына қарсы штаб Келісім бойынша
4
Ауылдағы электр қуатын үзіліссіз беріп тұруды қамтамасыз ету Электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерге орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғау
Су тасқынына қарсы штаб Келісім бойынша
АйтымбетовБ. Келісім бойынша
5
Елді мекендермен аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен тұрақты және үзіліссіз байланыс қамтамасыз ету
Су тасқынына қарсы штаб Келісім бойынша
ЖШС башылары Келісімі бойынша
6
Су тасқыны кезінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалды-техникалық ресурстарын, автокөлік және инженерлік техникалардың резервін анықтау
Су тасқынына қарсы штаб Келісім бойынша
Су тасқынына қарсы штаб Келісім бойынша