Қолданыстағы ред. 13.04.2006

2006 жылғы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман мен далалық өрттерді болдырмау жөніндегі шаралар туралы от 13.04.2006 г. № 173 (2006 жылғы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман мен далалық өрттерді болдырмау жөніндегі шаралар туралы)

0

2006 жылғы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман мен далалық өрттерді болдырмау жөніндегі шаралар туралы.
Аудан көлемінде орман мен дала аймақтарын өртке қарсы қорғауға жасалған талдау, өткен жылы селолық округтер әкімдерінің, орман шаруашылық өңірінің және әр түрлі меншік нысанындағы субъектілердің күшімен жазғы өрт қауіптілігі кезеңінде дайындық бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін, бірақ та далалық өрт сөндіруге бірлесіп іс қимыл жасалуы әлі де жеткілікті деңгейге жетпегендігін көрсетті.
Осыған байланысты алдағы уақытта орман мен дала өрттерінің пайда болуы мен таралуын болдырмау, оларды жою, елді мекендерді өртке қарсы қорғау, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыру, аудан аумағында ірі өртті жоюға қатысатын жедел қызметтер мен әр түрлі меншік нысанындағы субъектілердің арасында өзара байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңның 8 бабына, 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31, 37 бабына «Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар туралы» № 699 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Селолық округтер әкімдері, мекеме және ұжым басшыларына:
Өрт қауіпсіздігі кезінде жанар жағар май материалдарының, инженерлік техника резервін жасалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау, болған өрт оқиғаларына адамдар мен көліктерді кедергісіз жеткізудің барлық шараларын алу тапсырылсын;
Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша тұрғындар арасында түсінік жұмысын жүргізуді ұйымдастырсын;
Өрт қауіпсіздігін сақтау және орман мен далалық өрттерді болдырмау мақсатынд а селолық округтерде комиссиялар құрылсын.

2

2. Аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі ұсынып отырған өрттерді сөндіруге күштері мен құралдарын жұмылдыру жоспары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімі (Муфтаков Д.):
Өрттің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру өрт қауіпсіздігінің жәй күйін қадағалау жөніндегі шараларын қамтамасыз етсін;
Алдын алу жұмыстарын жандандыру, өрт қауіпсіздігін ережелерін бұзғандарға заң талабына сәйкес қатаң шаралар алу тапсырылсын.

4

4. Аудандық өрт сөндіру бөлімі (С. Махамбетов) өрт сөндіру жоспары бойынша тартылатын күштер үшін қажетті күнделікті құралдар және қор жасасын.

5

5. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (М. Бабанаев) өртті болдырмаудың шараларына қажетті қаражатты есептеп жоспарға енгізуге ұсыныс берсін.

6

6. Қарабұтақ орман шаруашылығын мекемесі (А. Жолаушыбаев) Ережелер мен нұсқаулар талаптарын орындау мақсатында іс шараларын жасап, ұсыныс берсін.

7

7. Аудандық ішкі істер бөлімі (А. Қанымбаев) және аудандық аймақтық басқармасы (Ш. Өтеуов) техникалардың байқауын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталуына қатаң шаралар алсын.

8

8. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (Қ. Қуанышбаев) аудандық жол өңдеу бөлімімен Комсомол. Талдысай, Жамбыл, Әйке, Қарабұтақ, Аралтоғай, Аралтөбе, Құмқұдық, Ақтасты, Қайрақты селолық округтерінің аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне қарасты, жол бойынша бөлінген аймақтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралсын.

9

9. Аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бетіне орман мен далада өрттің алын алу, олардың қаупін түсіндіру бойынша жүргізілген шараларды, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұрмалау және орындалу жауапкершілігі шараларын нақты мысалдармен және деректермен жариялансын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ыбраймұлына жүктелсін.

11

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
13 сәуірдегі № 173 қаулысына
қосымша № 1
Аудан көлемінде болатын далалық және ірі өрттерді
сөндіру ұйымдастырудағы оперативтік
ЖОСПАРЫ

Ел­ді ме­кен­дер
Ша­қы­ры­ла­тын кү­ш­тер; өрт сөн­ді­ру бө­лім­ше­сі, ЕО­СЖ-жа­ры
Аудан ор­та­лы­ғы­нан ара­қа­шық­тық
Кө­мек­ке ке­ле­тін қо­сал­қы кү­ш­тер
1
Ком­со­мол се­ло­сы
Өрт сөн­ді­ру бө­лім­ше­сі Ком­со­мол ЖШС
Астық қой­ма­сы ЖШС Ком­со­мол ЕО­СЖ-ы Ком­со­мол кел­сім­мен
2
Ақ­та­сты се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Ақ­та­сты се­ло­сы­нан, Ақ­та­сты ЖСШ
60
Құм­құ­дық ЖШС, ЕО­СЖ Әй­ке се­ло­сы­нан кел­сім­мен
3
Әй­ке се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Әй­ке се­ло­сы­нан, Ал­ға ЖСШ
120
ЕО­СЖ-ы Ақ­та­сты, Құм­құ­дық се­ло­сы­нан, Сұ­лу­көл се­ло­сы­нан кел­сім­мен
4
Бас­құ­дық се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Бас­құ­дық се­ло­сы­нан кел­сім­мен
45
ЕО­СЖ-ы Жа­ба­сақ, Құм­құ­дық се­ло­сы­нан кел­сім­мен
5
Жа­ба­сақ се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Жа­ба­сақ се­ло­сы­нан кел­сім­мен
45
ЕО­СЖ-ы Құм­құ­дық, Бас­құ­дық се­ло­сы­нан кел­сім­мен
6
Жам­был се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Жам­был се­ло­сы­нан кел­сім­мен
33
ЕО­СЖ-ы Тал­ды­с­ай, Ком­со­мол се­ло­сы­на кел­сім­мен
7
Құм­құ­дық се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Құм­құ­дық се­ло­сы­нан ЖШС
32
ЕО­СЖ-ы Ақ­та­сты, Бас­құ­дық се­ло­сы­нан кел­сім­мен
8
Тал­ды­с­ай се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Тал­ды­с­ай се­ло­сы­нан Шер­ба­ков ЖШС
12
ЕО­СЖ-ы Ком­со­мол се­ло­сы­нан өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі кел­сім­мен
9
Сұ­лу­көл се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Сұ­лу­көл се­ло­сы­нан
ЕО­СЖ-ы Әй­ке се­ло­сы­на кел­сім­мен
10
Ақ­көл се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Ақ­көл се­ло­сы­нан
30
ЕО­СЖ-ы Арал­тө­бе, са­рат се­ло­сы­нан кел­сім­мен
11
Арал­то­ғау се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Арал­то­ғай се­ло­сы­нан «НАО» ЖШС
18
ЕО­СЖ-ы Қа­ра­бұ­тақ се­ло­сы­нан өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі кел­сім­мен
12
Қай­рақ­ты се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Қай­рақ­ты се­ло­сы­нан кел­сім­мен
ЕО­СЖ-ы Арал­то­ғай се­ло­сы­нан кел­сім­мен
13
Арал­тө­бе се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Арал­тө­бе се­ло­сы­нан кел­сім­мен
25
ЕО­СЖ-ы Қа­ра­бұ­тақ се­ло­сы­нан өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі кел­сім­мен
14
Қа­ра­бұ­тақ се­ло­сы
Өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі, ЕО­СЖ-ы Қа­ра­бұ­тақ се­ло­сы­нан кел­сім­мен
ЕО­СЖ-ы Қа­ра­бұ­тақ, Арал­то­ғай се­ло­сы­нан ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы кел­сім­мен
15
Са­рат се­ло­сы
ЕО­СЖ-ы Са­рат се­ло­сы­нан «Әсем-Наз» ЖШС
ЕО­СЖ-ы Құм­құ­дық, Бас­құ­дық се­ло­сы­нан кел­сім­мен