2006 жылғы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман мен далалық өрттерді болдырмау жөніндегі шаралар туралы Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман мен далалық өрттерді болдырмау жөніндегі шаралар туралы.
Аудан көлемінде орман мен дала аймақтарын өртке қарсы қорғауға жасалған талдау, өткен жылы селолық округтер әкімдерінің, орман шаруашылық өңірінің және әр түрлі меншік нысанындағы субъектілердің күшімен жазғы өрт қауіптілігі кезеңінде дайындық бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін, бірақ та далалық өрт сөндіруге бірлесіп іс қимыл жасалуы әлі де жеткілікті деңгейге жетпегендігін көрсетті.
Осыған байланысты алдағы уақытта орман мен дала өрттерінің пайда болуы мен таралуын болдырмау, оларды жою, елді мекендерді өртке қарсы қорғау, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыру, аудан аумағында ірі өртті жоюға қатысатын жедел қызметтер мен әр түрлі меншік нысанындағы субъектілердің арасында өзара байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңның 8 бабына, 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31, 37 бабына «Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар туралы» № 699 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Селолық округтер әкімдері, мекеме және ұжым басшыларына:
Өрт қауіпсіздігі кезінде жанар жағар май материалдарының, инженерлік техника резервін жасалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау, болған өрт оқиғаларына адамдар мен көліктерді кедергісіз жеткізудің барлық шараларын алу тапсырылсын;
Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша тұрғындар арасында түсінік жұмысын жүргізуді ұйымдастырсын;
Өрт қауіпсіздігін сақтау және орман мен далалық өрттерді болдырмау мақсатынд а селолық округтерде комиссиялар құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі ұсынып отырған өрттерді сөндіруге күштері мен құралдарын жұмылдыру жоспары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімі (Муфтаков Д.):
Өрттің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру өрт қауіпсіздігінің жәй күйін қадағалау жөніндегі шараларын қамтамасыз етсін;
Алдын алу жұмыстарын жандандыру, өрт қауіпсіздігін ережелерін бұзғандарға заң талабына сәйкес қатаң шаралар алу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық өрт сөндіру бөлімі (С. Махамбетов) өрт сөндіру жоспары бойынша тартылатын күштер үшін қажетті күнделікті құралдар және қор жасасын.
Тармақ 5
5. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (М. Бабанаев) өртті болдырмаудың шараларына қажетті қаражатты есептеп жоспарға енгізуге ұсыныс берсін.
Тармақ 6
6. Қарабұтақ орман шаруашылығын мекемесі (А. Жолаушыбаев) Ережелер мен нұсқаулар талаптарын орындау мақсатында іс шараларын жасап, ұсыныс берсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (А. Қанымбаев) және аудандық аймақтық басқармасы (Ш. Өтеуов) техникалардың байқауын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталуына қатаң шаралар алсын.
Тармақ 8
8. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (Қ. Қуанышбаев) аудандық жол өңдеу бөлімімен Комсомол. Талдысай, Жамбыл, Әйке, Қарабұтақ, Аралтоғай, Аралтөбе, Құмқұдық, Ақтасты, Қайрақты селолық округтерінің аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне қарасты, жол бойынша бөлінген аймақтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралсын.
Тармақ 9
9. Аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бетіне орман мен далада өрттің алын алу, олардың қаупін түсіндіру бойынша жүргізілген шараларды, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұрмалау және орындалу жауапкершілігі шараларын нақты мысалдармен және деректермен жариялансын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ыбраймұлына жүктелсін.
Басқа 11
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
13 сәуірдегі № 173 қаулысына
қосымша № 1
Аудан көлемінде болатын далалық және ірі өрттерді
сөндіру ұйымдастырудағы оперативтік
ЖОСПАРЫ
№
Елді мекендер
Шақырылатын күштер; өрт сөндіру бөлімшесі, ЕОСЖ-жары
Аудан орталығынан арақашықтық
Көмекке келетін қосалқы күштер
1
Комсомол селосы
Өрт сөндіру бөлімшесі Комсомол ЖШС
Астық қоймасы ЖШС Комсомол ЕОСЖ-ы Комсомол келсіммен
2
Ақтасты селосы
ЕОСЖ-ы Ақтасты селосынан, Ақтасты ЖСШ
60
Құмқұдық ЖШС, ЕОСЖ Әйке селосынан келсіммен
3
Әйке селосы
ЕОСЖ-ы Әйке селосынан, Алға ЖСШ
120
ЕОСЖ-ы Ақтасты, Құмқұдық селосынан, Сұлукөл селосынан келсіммен
4
Басқұдық селосы
ЕОСЖ-ы Басқұдық селосынан келсіммен
45
ЕОСЖ-ы Жабасақ, Құмқұдық селосынан келсіммен
5
Жабасақ селосы
ЕОСЖ-ы Жабасақ селосынан келсіммен
45
ЕОСЖ-ы Құмқұдық, Басқұдық селосынан келсіммен
6
Жамбыл селосы
ЕОСЖ-ы Жамбыл селосынан келсіммен
33
ЕОСЖ-ы Талдысай, Комсомол селосына келсіммен
7
Құмқұдық селосы
ЕОСЖ-ы Құмқұдық селосынан ЖШС
32
ЕОСЖ-ы Ақтасты, Басқұдық селосынан келсіммен
8
Талдысай селосы
ЕОСЖ-ы Талдысай селосынан Шербаков ЖШС
12
ЕОСЖ-ы Комсомол селосынан өрт сөндіру бөлімі келсіммен
9
Сұлукөл селосы
ЕОСЖ-ы Сұлукөл селосынан
ЕОСЖ-ы Әйке селосына келсіммен
10
Ақкөл селосы
ЕОСЖ-ы Ақкөл селосынан
30
ЕОСЖ-ы Аралтөбе, сарат селосынан келсіммен
11
Аралтоғау селосы
ЕОСЖ-ы Аралтоғай селосынан «НАО» ЖШС
18
ЕОСЖ-ы Қарабұтақ селосынан өрт сөндіру бөлімі келсіммен
12
Қайрақты селосы
ЕОСЖ-ы Қайрақты селосынан келсіммен
ЕОСЖ-ы Аралтоғай селосынан келсіммен
13
Аралтөбе селосы
ЕОСЖ-ы Аралтөбе селосынан келсіммен
25
ЕОСЖ-ы Қарабұтақ селосынан өрт сөндіру бөлімі келсіммен
14
Қарабұтақ селосы
Өрт сөндіру бөлімі, ЕОСЖ-ы Қарабұтақ селосынан келсіммен
ЕОСЖ-ы Қарабұтақ, Аралтоғай селосынан орман шаруашылығы келсіммен
15
Сарат селосы
ЕОСЖ-ы Сарат селосынан «Әсем-Наз» ЖШС
ЕОСЖ-ы Құмқұдық, Басқұдық селосынан келсіммен