О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Темиртау на 2006 год
Қолданыста
Өзге акт
№ 29/4
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Темиртау на 2006 год
- Атауы (қаз.)
- 2006 жылы Теміртау қаласының күндізгі білім беру ұйымдарының оқушыларын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксилерден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 29/4
- Қабылданған күні
- 19.04.2006
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2006 27581_190482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2006
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06KC008319
- ЭКБ идентификаторы
- 27581
- Редакция идентификаторы
- 27581_190482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:33
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
2006 жылы Теміртау қаласының
күндізгі білім беру ұйымдарының
оқушыларын қала ішіндегі қоғамдық
көліктерде (таксилерден басқа) жол
жүрулеріне жеңілдік беру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңдарына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 25 сессиясының № 25/5 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» 8-3-12 нөмірмен тіркелген шешімінің негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
оқушыларын қала ішіндегі қоғамдық
көліктерде (таксилерден басқа) жол
жүрулеріне жеңілдік беру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңдарына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 25 сессиясының № 25/5 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» 8-3-12 нөмірмен тіркелген шешімінің негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2006 жылы келесі санаттағы оқушыларға қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксилердан басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:
1) жалпы білім беру мектептерінің бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі сыныптарының, сонымен қатар гимназиялардың, лицейлердің осы сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері тиісті оқу орны берген бірдей үлгідегі оқушылардың арнайы жол билеттерін көрсеткенде ақысыз жол жүру құқығына ие болады;
2) жалпы білім беру мектептерінің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі сыныптарының, сонымен қатар гимназиялардың, лицейлердің осы сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері Теміртау қаласының қоғамдық көлігінде жол жүргенде, білім беру ұйымы берген анықтаманы көрсеткенде, қолданыстағы тариф құнының 50 %, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
3) Теміртау қаласының кәсіптік мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындарының күндіз оқитын студенттері Теміртау қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүруі кезінде тиісті оқу орны берген студенттік билеттерін немесе оқушылық билеттерін көрсеткенде қолданыстағы тариф құнының 50 %, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
2. Жол жүру жеңілдігі жексенбі мен мереке күндерінен басқа уақытқа, сағат 7.00.-ден 20.00.-ге дейін беріледі. Теміртау қаласының маусымдық (саяжайлық) маршруттарында үнемі қызмет көрсететін автобустарда жол жүруге жеңілдік берілмейді.
3. Жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен оқушыларына, сондай-ақ оқудың күндізгі түріне жатпайтын оқу орындарының оқушыларына қолданылмайды.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, өндіріс және қызмет көрсету салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
5. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________Ж.Шонаев
«19» сәуір 2006 ж.