2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын орындау, сонымен қатар мекемелермен ұйымдардан түскен сұраныстары мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы от 20.04.2006 г. № 56 (2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы)
1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3. Теректі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 наурыздағы «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңын іске асыру туралы» №39 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төлегенов Мұсағали Орынғалиұлына жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2006 ж. 20.04 № 56
қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі
1. «Селолық округ әкімдерінің аппараттары» мемлекеттік мекемесі
2. «Теректі ауданының Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны «Луч»
3. «Теректі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
4. «Теректі ауданының салық комитеті
5. Теректі ауданының әділет басқармасы
6. Теректі ауданының ішкі істер бөлімі
7. Теректі ауданының соты
8. Аймақтық мемлекеттік мекемесі «Жылжымайтын мүлік орталығы»
9. Теректі ауданының прокуратурасы
10. Теректі ауданының мұрағаты
Аудан әкімдігінің
2006 ж. 20.04 № 56
қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Еңбек ақы, теңге (айына)
1
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
Республикалық және облыстық компаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізу), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде хабарлама тасуға, жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, лагерь аумағын жинастыруға, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне
9200
2
Көмекші жұмысшылар болуға:
құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен І, II топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына.
9200