Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2006 году

Қаулы · № 3395 · қабылданған 28.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2006-ekb-27939/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2006 году Күшін жойған Қаулы ·№ 3395 ·28.04.2006
11.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2006 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 3395 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2006 году
Атауы (қаз.)
2006 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3395
Қабылданған күні
28.04.2006
Көрсетілген редакция
11.02.2008 27939_198012.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06VA000036
ЭКБ идентификаторы
27939
Редакция идентификаторы
27939_198012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:29

0 2006 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 23 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 96 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Ж. Сарсенбинов) шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды өткізсін.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып және өткізу үшін шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:

Айдын Жақыпбеқұлы Сарсенбинов
комиссия төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Светлана Ивановна Ферхо
комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Батырбек Сейтқазыұлы Аяғанов
Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Игорь Анатольевич Журавков
дәрігер, медицина қызметкерлері жұмысын басқарушы, медицина комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Татьяна Викторовна Турова
комиссия хатшысы (келісім бойынша)

3 3. Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (ҚПҮ).

4 4. "Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.М. Абдрашева) шақыру комиссиясы бойынша әскерге шақырушыларды тексеру кезектен тыс және сапалы өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. Меншік түріне тәуелсіз кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырушыларды іс-сапардан (демалыстан және т.б.) шақыру, олардың Қызыл қырандар жағалауы, 37 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне уақытында келуге хабардар беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Меновной ауылдық округінің әкімі (С.А. Овчинников) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына уақытында хабарлануын және келуін қамтамасыз етсін.

7 7. "Өскемен қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л.А. Анищенко) шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін қажетті бағдарламалардың әкімгерін қаржыландыруды бекітілген бюджет шегінде өткізсін.

8 8. "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (А.Ж. Қабылов) шақырудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

Келісілген:
"Өскемен қаласының қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Шығыс Қазақстан облысы
Денсаулық сақтау департаментінің
Өскемен қаласы бойынша бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы

Қолданыстағы