Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года

Қаулы · № 83A · қабылданған 25.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2006-ekb-27994/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған Қаулы ·№ 83A ·25.04.2006
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 83A · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года
Атауы (қаз.)
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83A
Қабылданған күні
25.04.2006
Көрсетілген редакция
17.10.2011 27994_206345.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06S0001620
ЭКБ идентификаторы
27994
Редакция идентификаторы
27994_206345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:31

0 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес және«"Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және әскери қызмет туралы"»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес және Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылдың 18 сәуiрдегi № 96 Жарлығы негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

3 3. Петропавл қаласы мен аудандар әкiмшiлiктерiне:

қорғаныс iстерi жөнiндегi аудандар (қаланың) бөлiмдерi (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы жедел әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн;
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының құрамын бекiтсiн, мыналармен қамтамасыз етсiн:
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшiн қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдер (басқарма) үй-жаймен;
шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшiн азаматтардың қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдерге (басқарма) ұйымдасқан түрде келулерi, осы мақсаттар үшiн құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды iздестiру топтарын бөлудi;
автомобиль көлiгiмен және қажеттi санда техникалық қызметкерлер бөлудi;
көрсетiлген iс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлiнген қаржыландыру шегiнде жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыруды.

4 4. Денсаулық сақтау департаментi:

Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiндегi медициналық комиссияның жұмысын қаматамасыз етсiн;
шақырушыларды медициналық куәлендiру жөнiндегi комиссия дәрiгер-мамандармен, әсiресе тар саладағы мамандармен жинақтасын;
шақырту комиссиясымен жiберiлген азаматтарды медициналық зерттеу үшiн емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көздесiн.

5 5. Ішкi iстер департаментi мыналарды қамтамасыз етсiн:

iшкi iстер департаментi, Петропавл қалалық басқармасы және аудандық iшкi iстер бөлiмi басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының құрамына енгiзудi;
азаматтарды шақыру кезеңiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi аудандық (қалалық) бөлiмдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
әскерге шақырушыларды әскери бөлiмдерге аттандыру және жiберу уақытында қоғамдық тәртiптiк күзетудi;
азаматтардың шақыру пункттерiне келуiне бақылау жүргiзудi, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеудi.

6 6. Петропавл қаласының әкiмi облыстық жинақтау пунктiнде шақырылушыларға азық-түлiк және өнеркәсiптiк тауарларды сатуды ұйымдастырсын.

7 7. Мәдениет департаментi шақыру пункттерiнде көркемөнерпаздар ұжымының өнерiн және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырсын.

8 8. Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктiнде спорттық-бұқаралық iс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.

9 9. Қаулы бiрiншi ресми жарияланғаннан күннен бастап iс-әрекетке енгiзiледi.

10 10. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.

11 Облыс әкiмшiлiгiнiң

2006 жылдың 25 cәуірдегі
№ 83а қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Амангелдиев Талғат Бекмұратұлы
комиссия төрағасы, Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң бастығы
Пелихов Владимир Федорович
комиссия төрағасының орынбасары, мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Сұлтанов Талғат Дүйсенұлы
облыстық Ішкi iстер департаментi бастығының орынбасары
Имбаева Фирая Гумаровна
1 аурухананың дәрiгер-терапевтi, медициналық комиссияның төрайымы
Кривошеева Зоя Ивановна
комиссия хатшысы, облыстық аурухананың медбибiсi

Қолданыстағы