Қолданыстағы ред. 06.05.2006 (Редакция 27997_346371.kaz)

2006 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыру туралы от 06.05.2006 г. № 222 (2006 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыру туралы)

0

2006 жылдың сәуір-маусымда және
қазан-желтоқсанда мерзімді әскери
қызметке азаматтарды кезекті шақыру
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі
№ 74 «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 1988 жылы туған азаматтарды, сонда-йақ әскерге шақыру мерзімі асып кеткен жоғары жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке (одан әрі - азаматтарды шақыру) шақыруды ұйымшылдықпен өткізу,
әскерге алынған азаматтарды әскери бөлімдерге жоспар бойынша ұйымшылдықпен
шығарып салу мақсатында, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мен Қазақстан Республикасының Әскери Күштері қатарына шығарып салуды өткізу үшін әскерге шақыру учаскесі Большая Владимировка ауылы, Партизан көшесі, 7 мекенжай бойынша Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде ұйымдастырылсын.

2

2. Шақыру комиссиясы құрылсын (қосымша).

3

3. Азаматтарды шақыру 2006 жылғы 20 сәуірден - маусымға дейін, қазанда - желтоқсанда басталсын.

4

4. Бесқарагай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Олжабаев Ә.Д.) (келісім бойынша):

1

1) азаматтарды шақыруды заңмен белгіленген мерзімдерде жүргізсін;

2

2) шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес шақыру комиссиясына әскерге шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін;

3

3) дәрігер-мамандармен, техникалық жұмысшылармен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мамандарымен, шақыру комиссиясының мүшелерімен нұсқаулы-әдістемелік сабақтар жүргізсін;

4

4) азаматтарды шақыруды жүргізуге барлық қажетті құжаттарды дайындасын;

5

5) ай-сайын аудан әкімін азаматтарды шақыруды жүргізу барысы туралы акпараттандырсын.

5

5. Бесқарағай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Шегебаев М.Ж.) (келісім бойынша):

1

1) азаматтарды шақыру кезеңінде әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін тәжірибелі дәрігер - мамандарды бөлсін, шақыру комиссиясының бағыттауы бойынша жіберілгендерді кезектен тыс және сапалы тексеруді қамтамасыз етсін;

2

2) медицина комиссиясын қажетті медициналық құралдармен және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етсін, шақырылатындарды косымша тексеру үшін қосымша төсектер, ренген қағаздар болсын;

3

3) емделуді қажет ететін әскерге шақырылатындардың тізімдері Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, емдеу жүргізуді қамтамаеыз етсін.

6

6. Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қайырбекова А.Ә.) жеке істерді, есепке алу карталарды ресімдеу, шақырылатындарды шақыру қағазы бойынша хабардар ету жағынан көмектер көрсету үшін азаматтарды көктемгі және күзгі шақыру кезеңіне алты техникалық жұмысшылар бөлсін.

7

7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Тоқжігітов С.Қ.) (келісім бойынша):

1

1) азаматтарды шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесі аумағында тиісті тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;

2

2) полиция тобын Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің аумағына кесте бойынша медициналық тексеру жүргізу және облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылғандарды жіберу кезеңінде бөлсін;

3

3) қорғаныс істері жөніндегі бөлімді мерзімді әскери қызметке шақырылудан тарып жүрген, соттың тексеруінде және тергеуінде жүрген шақырылатындармен жүргізілген жұмыстар туралы ақпараттандырсын;

4

4) шақырылатындарды іздестірумен, оларды Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді жүргізсін.

8

8. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік кемесі (Сқақова М.Ж.) азаматтардың шақыруын өткізуді ұйымдастыру үшін, 2006 жылға арналып бекітілген бюджет шегінде қаржыландыруды жүргізсін.

9

9. Меншік нысанына қарамастан ауданның барлық кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындары басшылары әскерге шақырылатындарды шақыру миссиясынан өту үшін жұмыс және оқу орындарынан босатсын.

10

10. Ауылдық округтері әкімдері әскерге шақырылатындарға уақытында арлап, олардың шақыру комиссиясынан өтуге келуін қамтамасыз етсін. Әскерге шақырылатындарды Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу кезінде қайғылы оқиғаларды алдын алу шараларын қолдансын.

11

11. Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 16 қарашадағы № 418, Бесқарағай аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 23 қарашада тіркелеген нөмірі 5-7-8, «Бесқарағай тынысы» газетінде жарияланған «2006 жылдың сәуір - маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыру туралы» қаулысы күшін жойды деп танылсын.

12

12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Садықовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН:
Бесқарағай аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімнің бастығы:
Ә. ОЛЖАБАЕВ
Бесқарағай аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері:
М. ШЕГЕБАЕВ
Бесқарағай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:
С. ТОҚЖІГІТОВ