Қолданыстағы ред. 11.04.2006 (Редакция 28110_344783.kaz)

2006 жылғы қарғын суларға қарсы іс-шаралар туралы от 11.04.2006 г. № 142 (2006 жылғы қарғын суларға қарсы іс-шаралар туралы)

0

2006 жылғы қарғын суларға
қарсы іс-шаралар туралы
Аудан көлемінде көктемде күннің тез жылынуы күшті су таскынын туғызуы
мүмкін, ол елді мекендердің көпшілігін су басуына Аягөз, Тарлаұлы, Қопа, Өркен, Ақшәулі, Мыңбұлак, Нарын, Қарағаш, Тарбағатай елді мекендерінде жолдар мен көпірлердің бүлдірілуіне әкеп соғуы ықтимал.
Көктемгі қызыл судан және сел көшкінінен аудан экономикасына едәуір
материалдық зиян келтіруіне жол бермеу үшін дер кезінде шаралар қолдану
мақсатында, Қазақстан Республикасыиың «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 5, 14 баптарына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2006 жылғы көктемгі қызыл суға қарсы іс шаралар жоспары бекітілсін.
Олардың дер кезінде және толық көлемде орындалуына жауапкершілік Аягөз қаласы, Актоғай кенті, ауылдық округтері әкімдеріне жүктелсін.

2

2. Жол мекемелеріне 27- жол пайдалану учаскесі, 71- жол пайдалану
учаскесі, «Аягөз жолдары» жауалкершілігі шектеулі серіктестігі , 42- темір жол дистанциясы, «Аягөз су» мемлекеттік коммуналдык кәсіпорыны,
«Үйкомшаркұрылыс» мемлекеттік коммуналдык кәсіпорыны, аудандық
телекоммуникация торабы, аудандык электр желілері, санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы және меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен рыноктардың басшыларына қызыл суға қарсы іс-шаралар жоспарын орындау ұсынылсын.

3

3. Қызыл су кезінде апаттық жағдайға оперативті басшылық жасау жөнінде
жұмысшы тобын құру, олардың жеке құрамын, тұрақты болатын орнын белгілеу, кезекші бекіту, кауіпті су тасқынының басталуымен тәуліктік кезекшілік ұйымдастару 2006 жылдың 20 сәуіріне дейін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға жауапты адамдардң тізімін, кезекші телефон нөмерлерін беру Аягөз қаласы, Ақтоғай кенті, ауылдық округтері әкімдеріне тапсырылсын.

4

4. 42-теміржол дистанциясы (Қ.Мұкажанов), жол мекемелерінің басшыларына
(Р.Манафон, Н.Жұмәділов, А.Шакиров), «Үйкомшаркұрылыс» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынына (М. Турдин), су өткізетін құбырларды, кюветтерді
тазалау, автомобиль және темір жолдары мен көшелерді кызыл су мен селдердің
ықпалынан корғау жөнінде 2006 жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде шаралар белгілеу және оларды орындауды ұйымдастыру осы себептерден жолдар бойында қозғалыстың тоқтауына жол берілмеуін қадағалау ұсынылсын.

5

5. Аягөз каласының, Тарлаулы, Қопа ауылдық округтерінің әкімдері
тасқын суға қарсы қойылған бөгеттердің бұзылған жерлерін қалпына келтіру, күшейту жұмыстарын жүргізу ұйымдастырсын.

6

6. Аудандык эвакуациялык комиссия (С.Байжанов), ауылдық округтерінің
әкімдері су басуы мүмкін аймақтардан тұрғындарды көшіру, орналастыру
жоспарын жасап, оған кажетті техникаларды анықтап, бекітсін.

7

7. Аудандық қаржы бөлімі (А.Омаров) қызыл сулардың өтуіне
байланысты жағдайдың алдын алу шараларын және авариялық-құтқару
жұмыстары үшін қаржылық резерв жасасын. Қажетті қаражаттар төтенше
жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия төрағасының келісімі бойынша
бөлінсін.

8

8. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурызындағы № 1167, мемлекеттік
тіркеуден 2005 жылғы 24 наурызындағы өткен № 2243 «2005 жылғы қарғын
суларға қарсы іс-шаралар туралы» қаулысы күшін жойды деп танылсын.

9

9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Бахметовқе жүктелсін.

10

10. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.