Қолданыстағы ред. 28.03.2006 (Редакция 28129_335582.kaz)

2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру туралы от 28.03.2006 г. № 103 (2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру туралы)

0

2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 2005 жылдың сәуір - маусым және қазан-желтоқсанында әскерге шақырудан кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын және оларды белгіленген мерзімде әскерге жөнелтуді қамтамасыз етсін.

2

2. Қоса беріліп отырған төмендегілер бекітілсін:

1

1) 1 қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы;

2

2) 2 қосымшаға сәйкес аудандық дәрігерлік комиссияның құрамы;

3

3) 3 қосымшаға сәйкес әскери кызметке шақыру кестесі.

3

3. Азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыру кезінде әскерге шақырушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті мөлшерде техникалық және қызмет көрсететін қызметшілер бөлсін (жалғанды 4 қосымшада).

4

4. Аудандық аумақтық медицина бірлестігі мемлекеттік мекемесі, қаржы, ішкі істер бөлімдері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне осы қаулыны жүзеге асыру барысында көмек көрсетсін.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Сисенғалиға тапсырылсын.