Қолданыстағы ред. 01.04.2006 (Редакция 28164_339526.kaz)

2006 жылы ауданда құс тұмауы ауырының алдын алу және күресу іс-шаралары туралы от 01.04.2006 г. № 96 (2006 жылы ауданда құс тұмауы ауырының алдын алу және күресу іс-шаралары туралы)

0

2006 жылы ауданда құс тұмауы ауырының алдын алу және күресу іс-шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ‘‘Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ “Ветеринария туралы” заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Ж.Сұлтанғалиевтің “Құс тұмауы ауруының алдын алу және күресу іс-шаралары туралы” хабарламасын тыңдап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Құс тұмауының алдын алу және күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі аудандық жұмыс тобының құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Құс тұмауының алдын алу және күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі аудандық жұмыс тобының 2006 жылға арналған жұмыс құрамы № 2 қосымшага сәйкес бекітілсін.

3

3. Құс тұмауының алдын алу және күресу іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен өлекселер өртейтін жылжымалы (дөңгелек) пеш жасатуға, арнаулы киім-кешек, залалсыздандыру құралдары мен дәрілерін және жанар-жағар майларын сатып алуға жалпы құны 350 мың каржы бөлінсін.

4

4. Аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық басқармасына (А.Т.Батыров), аудандық аумақтық басқармасына (Л.Ж.Уалиев) адамдар арасында құс тұмауын болдырмау шараларын алып, халық арасында құс .тұмауы ауруы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.

5

5. Осы каулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Таңатовқа жүктелсін.

6. Құс тұмауының алдын алу және күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі аудандық жұмыс тобының құрамы

Бөкей ордасы аудан әкімдігінің
2006 жылғы 1 сәуірдегі №96
қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Құс тұмауының алдын алу және күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі аудандық жұмыс тобының құрамы
Таңатов Ерболат Қабденұлы-аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы
Уалиев Лауаз Жеңісүлы- ҚРАІІІМ Бөкей ордасы аудандық аумақтық баскармасының бастығы. жұмыс тобы төрағасының орынбасары /келісім бойынша/
Жұмыс тобының мүшелері:
Айтқалиев Серік Сұлтаниярұлы-Мұратсай ауылдық округі әкімі
Батыров Айтқали Төребайүлы-Бокей ордасы аудандык санитарлык - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы /келісім бойынша/
Бисенгалиев Ғариполла Китешүлы - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман
Жанғалиев Қоблан Мендыханұлы-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары /келісім бойынша/
Зүлқашев Рустем Мүлкайүлы-Орда ауылдык округі әкімі
Ишангалиева Шакира Мәдиқызы-Сайқын ауылдык округі әкімі
Қитанов Мендібай - Көктөбе ауылдык округі әкімі
Рашқалиев Қуантай Елтайұлы - Ұялы ауылдык округі әкімі
Саматов Қайырсапа - Бисен ауылдык округі әкімі
Сисенғалиев Өмірболат - Саралжын ауылдық округі әкімі
Сүлтанғалие Жасқайрат- аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы /келісім бойынша/
Хайруллин Сүйінбек Жексенбайұлы - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі

7. Бокей ордасы ауданының құс тұмауының алдын алу күресі жөніндегі жұмыс тобының жоспары.

Бөкей ордасы аудан әкімдігінің
2006 жылғы 1 сәуірдегі №96
қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Бокей ордасы ауданының құс тұмауының алдын алу күресі жөніндегі жұмыс тобының жоспары.

Шаралар атауы
Орындау мерзімі
Ұйымдастыруға және орындауға жауаптылар
1
Құс тұмауы жөнінде оқу жаттығу тренингі өткізу ауданының бір ауылдық аймағында
Наурыз 2006 жыл
Денсаулық сақтау, ішкі істер, төтенше жағдай, аудандық аумақтық басқарма мамандары, ауыл әкімдері, ветеринария инспекторлары, ЖШС басшылары
2
Құс тұмауы ауруы жөнінде газетке мақал беру
Ұдайы кесте бойынша
Денсаулық сақтау, ішкі істер, төтенше жағдай, аудандық аумақтық басқарма ветинспекторлары, айыл әкімдері
3
Ауданының елді мекендерінде жиындар өткізу
2006 жыл 1 қарашаға дейін
Ауылдық әкімдері, а/о ветинспекторлары, ААБ, МСЭКБ
4
Аудан ауылдық округтері бойынша құс тұмауының алдын алу, болжау дер кезінде ауырын анықтау, болған жағдайда тездетіп жою шараларына керекті құрал, жабдықтар, арнайы киімдер, зарарсыздандыру дәрілері, жылжымалы өлекселерін өртейтін пеш жамсатуға жергілікті бюджеттен мүмкіндігінше қаржы бөлу
1 наурызға дейін
Төтенше жағдайы арқылы
5
Дала құстарын келіп кетуіне қадағалау, оларды үй-су құстарымен араластырмау
Ұдайы әсіресе көктемге құс қайту мерзімінде
Ауыл әкімдері, жұмыс пен қамту орталығы арқылы бақылаушылар, төтенше жағдай, аудандық аумақтық ветеринария инспекторлары, орман шаруашылығы, аудандық аңшылар қоғамы
6
Аудан аумағындағы су айдындарын тексеруді ретке келтіру
Ұдайы
ҚР АШМ ААБ, орман шаруашылығы, аудандық ІІБ, аудандық аңшылар қоғамы.
7
Жеке меншік аулалардағы және құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың құстарын мал дәрігерлік-санитарлық тексеруден ұдай өткізу
ұдайы
Ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылған, құрамына жергілікті атқарушы органдардың және ауылдық округтің мал дәрігерлік инспекторлары.
8
Ауру құстарымен қатынасқанда және құстардың өлігін байқағанда жеке гигиена сақтау жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу
ұдайы
ҚР АШМ ААБ, аудандық МСЭКБ
9
Су айдындары мен жабайы құстар мекендейтін жерлерге ұдайы бақылау ұйымдастыру
ұдайы
ҚР АШМ ААБ, орман шаруашылығы, аудандық ПБ, аудандық аңшылар қоғамы