Қолданыстағы ред. 24.02.2006 (Редакция 28170_302567.kaz)

2006 жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы от 24.02.2006 г. № 64 (2006 жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы)

0

2006 жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 шілдедегі №74-ІІІ “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 4 тарауының 19 бабына және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңдарына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2006 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу үшін аудандық комиссия құрамы құрылсын. (жалғанды №1 қосымша)

2

2. Аудандық аумақтық медицина бірлестігіне (Б.Хамидуллин) әскери оқу орындарына баратын азаматтарды дәрігерлік кәуландырудан бұрын дәрігерлік сараптау, флюрография, ЭКГ, бруцеллез және СПИД анализдерін талапқа сай сапалы өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. Әскери оқуға шақырушыларды уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу және тасымал кезінде техника қауіпсіздігінің қамтамасыз ету селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.

4

4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (А.Қожанғалиев) әскери оқуға шақырушыларды уақытында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізу ұсынылсын.

5

5. Аудандық қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) жанар-жағар майға қаржы бөлу тапсырылсын.

6

6. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.

7. 2006 жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің
24.02.2006 жылғы
№ 64 қаулысымен
бекітілген
№ 1 жалғама
2006 жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы
Қожанғалиев Абай Ізімғалиұлы – аудандық әскери комиссар, комиссия төрағасы
Қарашолақова Болған – медбике, комиссия хатшысы
Уразғалиев Ахмедияр – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Амангельдина Гүлжан Игилқызы – жасөспірімдер дәрігері
Әйіпов Руслан Қадырболатұлы – дәрігер-хирург
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы – лор дәрігері
Елеусинова Венера Жаукенқызы – көз дәрігері
Сүйеуғалиева Бақытсұлу Орынбасарқызы – тіс дәрігері
Есполсинова Аққу Оңғарқызы – дәрігер-дерматолог
Үмбетова Света Төлегенқызы –дәрігер-невропатолог
Мұхамедова Айгүл – медбике
Оразбаева Шара - медбике