Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдегегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын және Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне», басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылгы азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2006 жылғы 2 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3547) қаулысын орындауда Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы от 15.05.2006 г. № 400 (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы)
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1979-1988 жылы туған, сонымен қатар шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айрылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2006 жылғы сәуір — маусымында және қазан - желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
2. «Психиатриялық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Н.И. Губенко, «Қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М.М.Ахметов, „Тері-венерологиялык диспансері» мемлекеттік коммуналдық казыналык кәсіпорының бас дәрігері А.И. Кравченко, «Қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдык казыналык кәсіпорнының бас дәрігері Ж. Данияров «Туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Қ. Ж. Міржақыпов.:
1) қосымша тексеруге жіберілген әскерге шақырылушыларды стационарлық тексерістен өткізу үшін қажетті емделетін орын санын бөлсін;
2) тексерістен және хирургиялық әрекеттен өту үшін шақыру комиссиясы жіберген әскерге шақырылушыларды кезектен тыс қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Ғ.Қ.Шалтықов:
1) Рудный қалалық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесін бастығы подполковник Б.А.Нәлековпен бірлесіп шақыру комиссиясынан өтуден жалтарып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестіру және Рудный каласының қорғаныс істері жәніндегі бөліміне жеткізу жөніндегі шұғыл топты құрсын;
2) іздеу тобын автомобиль көлігімен қамтамасыз етсін;
3) әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласының облыстық жинақтау пунктіне тасымалдауды қамтамасыз етсін.
4. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың басшылары:
1) әскерге шақырылушылар туралы қажетті мәліметтер уақтылы үсынсын,сонымен қатар оларды қорғаныс істері жөніндегі бөліх. шақыру туралы хабарласын және өлардың шакыру көмиссиясынан және әскерге жіберу үшін келулерін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылушыларды іссапарларынан және демалыстарынан шақырсын.
5. Қашар поселкесінің әкімі және Горняцк поселкесінің әкімі жұмыс берушілерді қатыстыра отырып, әскерге шақырылушыларға хабарлауды үйымдастырсын және әскерге шақырылушылардың шақыру учаскесіне уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
6. «Рудный қалалық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы подполковник Б.А.Нәлеков шақыруды өткізу және командаларды жіберу кезеңінде мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздеуді және ұстауды жүргізсін. Ұсталғандарды іздеу және жеткізу жөніндегі шығыстарды төлеу сол тұлғалардың есебінен жүргізілсін.
7. «Рудный қалалық мәдениет және тіл дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы И.И. Лисицына әскери қызметтен өту үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
8. Шақыруды хабарлау, өткізу, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сонымен қатар техникалық жұмыскерлердің жалақысы қалалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілсін.
9. Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Ғ.Қ.Шалтықов жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты 2006 жылғы 10 шілдеге дейін және 2007 жылғы 10 қаңтарға дейін Рудный қаласы әкімінің аппаратына берсін.
10. Қостанай обласы Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі №.662 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды ұйымдастыру және жүргізу туралы» (2005 жылғы 06 қазандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9 - 20, 2005 жылғы 16 қарашада Рудненский рабочий газетінде № 90 (9296) болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп саналсын.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке және Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Ғ.Қ.Шалтықовқа жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.