Қолданыстағы ред. 16.02.2006

2006 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы от 16.02.2006 г. № 57 (2006 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы)

0

2006 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-11 Заңы 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 4) 5) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-11 Заңының 31- бабы 1- тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп жүрген мақсатты топтағы халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша іс-шараларын белгілеу мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін / қосымша /.

2

2. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі / М. М. Ибраимов/ халықтың мақсатты тобынан әлеуметтік жұмысқа орналастыру үшін ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды іріктеуді қамтамасыз етсін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімнің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың

Жарма ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «16 » ақпан № 57
қаулысымен бектілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

Жұмыс беру орындары
саны
1
Жеке меншік кәсіпкер «Нургалиев Ж.Р»
3
2
Жеке кәсіпкер «Ибиятов В.М»
2
3
Жеке меншік кәсіпкер «Сән-ия»
2
4
Жеке меншік кәсіпкер «Абаков»
5
5
«Разий» жауапкершілігі шектелген серіктестік
2
6
«Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
2
Барлығы:
16
Жарма ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
М. Ибраимов