2006 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-11 Заңы 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 4) 5) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-11 Заңының 31- бабы 1- тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп жүрген мақсатты топтағы халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша іс-шараларын белгілеу мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін / қосымша /.
Тармақ 2
2. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі / М. М. Ибраимов/ халықтың мақсатты тобынан әлеуметтік жұмысқа орналастыру үшін ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды іріктеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімнің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың
Жарма ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «16 » ақпан № 57 қаулысымен бектілді Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың ТІЗБЕСІ № Жұмыс беру орындары саны 1 Жеке меншік кәсіпкер «Нургалиев Ж.Р» 3 2 Жеке кәсіпкер «Ибиятов В.М» 2 3 Жеке меншік кәсіпкер «Сән-ия» 2 4 Жеке меншік кәсіпкер «Абаков» 5 5 «Разий» жауапкершілігі шектелген серіктестік 2 6 «Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын 2 Барлығы: 16 Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы М. Ибраимов