2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем стакаларын белгілеу туралы.
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы от 21.06.2006 г. № 30/341 (2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы)
1. Қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары белгіленсін (қосымша бірге тіркеледі).
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
3. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Келісілді:
Қалалық салық комитетінің
төрағасы
Батырлан Дүйсембайұлы ахметов
«21» 06 2006 жыл
Қалалық Мәслихаттың
2006 жылғы 21 маусымдағы
№ 30/341 шешіміне қосымша
2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкалары
р/б №
Мазмұны
Айлық есептік көрсеткішке пайызбен есептелегенді төлемақы ставкасы
1
Сыртқа жарнама объектілері – 1 шаршы метрге дейінгі (үндеулер, А1, А2, А3, А4, шағын көлемдегі плакаттар, афишалар, транспаранттар)
10
2
Сыртқа жарнама объектілері – 2 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырғы, дүңгіршектер мен уақытша павильодарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)
90
3
Сыртқа жарнама объектілері – 2,1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршектер мен уақытша павильодарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған)
200
4
Сыртқа жарнама объектілері – 5,1 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршектер мен уақытша павильодарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған)
300
5
Сыртқа жарнама объектілері – 10,1 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордарға орнатылған)
550
6
Сыртқа жарнама объектілері – 20,1 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордарға орнатылған)
1100
7
Сыртқа жарнама объектілері – 50,1 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, орнатылған)
1400