Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу 2006 года

Қаулы · № 20/02 · қабылданған 29.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2006-ekb-29999/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу 2006 года Күшін жойған Қаулы ·№ 20/02 ·29.09.2006
04.05.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу 2006 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 20/02 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу 2006 года
Атауы (қаз.)
2006 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/02
Қабылданған күні
29.09.2006
Көрсетілген редакция
04.05.2010 29999_197397.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06K0001820
ЭКБ идентификаторы
29999
Редакция идентификаторы
29999_197397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:50

0 2006 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Заңдарына сәйкес азаматтарды жедел әскери қызметке жылсайын шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.

2 2. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3 3. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:

1 1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;

2 2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және әскери жедел қызметке шақырылуға жататын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі барлық азаматтардың шақыру пункттеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шараларды қабылдасын;

4

4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаменті (Шайдаров М.З.) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер-мамандармен және орта медициналық құраммен толықтырсын, облыстық жиналу пунктінің базасында жедел әскери қызметке жөнелтілетін шақырылғандардың адам иммунитетінің тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексерісі жұмыстарын ұйымдастырсын.

5 5. Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Хамитов Т.Н.) облыстық жиналу пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.

6 6. Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне (Қожахметов Қ.О. - келісім бойынша):

1 1) қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жиналу пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2 2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;

3 3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан адамдардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Аманов Б.Р. - келісім бойынша) облыстық жиналу пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету ұсынылсын.

8

8. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт департаменті (Жарылғапов Н.Ғ.) қорғаныс істері жөніндегі Басқармалар және Бөлімдермен бірлесе отырып, шақыру кезеңінде әскери - патриоттық және тәрбиелік шараларды жүзеге асыру үшін шақырылғандардың әскери - спорттық жиындарын өткізсін, соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулерді ұйымдастырсын.

9 9. Қарағанды облысының мәдениет департаменті (Омарбекова Р.К.) шақырылғандарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу күндерінде көркемөнерпаздардың және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.

10 10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (Ибадилдин Ж.И.) облыстың тиісті мекемелері және ұйымдарымен келісім-шарттар жасасын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.

11 11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Дарманқұлов М.И.) облыс әкіміне шақыру аяқталған соң 2006 жылғы шақыру қорытындылары туралы ақпаратты тапсырсын.

12 12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.З. Қанаевқа жүктелсін.

13 13. Осы қаулы күшіне ресми жарияланған күннен бастап енеді.

Келісілді
Қарағанды облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
М.И. Дарманқұлов
21 қыркүйек 2006 ж.
Келісілді
Қарағанды облысының Ішкі
стер департаментінің бастығы
Қ.О. Қожақметов
14 қыркүйек 2006 ж.
Келісілді
"Қазақтелеком" акционерлік
қоғамының Қарағанды облыстық
телекоммуникациялар дирекциясының
бас директоры
Б.Р. Аманов
15 қыркүйек 2006 ж.

19 Қарағанды облысы әкімдігінің

2006 жылғы 29 қыркүйектегі
N 20/02 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Дарманқұлов
Мұрат Ильтайұлы
- Қорғаныс істері жөніндегі
департаменттің бастығы -
комиссия төрағасы;
Ибадилдин
Жұмамәди Ибаділдұлы
- Қарағанды облысының жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс,
авариялар мен дүлей апаттардың
алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру департаментінің
директоры - комиссия
төрағасының орынбасары;
Шинкорук
Галина Васильевна
- комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Әуезов
Әміржан Таңатарұлы
- Қорғаныс істері жөніндегі
департаменттің шақыру
басқармасы бастығының
орынбасары - медициналық
комиссия төрағасы -
дәрігер (келісім бойынша);
Лепеха
Игорь Викторович
- Ішкі істер департаменті
бастығының орынбасары
(келісім бойынша).

Қолданыстағы