Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12-ші желтоқсандағы № 4/3 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12-ші желтоқсандағы № 4/3 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12-ші желтоқсандағы № 4/3 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/11
- Қабылданған күні
- 30.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2010 · қолданыстағы 45537_204066.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BO000121
- ЭКБ идентификаторы
- 45537
- Редакция идентификаторы
- 45537_204066
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:30
0 Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12-ші желтоқсандағы № 4/3 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 123 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" № 4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-15-99 тіркелген, 2008 жылғы 5 ақпанда "Қорғалжын өңірі" № 3 газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
16 тармағы және 17 тармақтың 1) тармашасы мынадай редакцияда жазылсын:
Нан, ұн және коммуналдық қызметіне баға өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасының әр қайсысына 1 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде ай сайын жеке есеп шотына аударылады.
Фтизиатр дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда, нәрлі тамақтандырылуына - 1 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде ай сайын жеке есеп шотына аударылады.