Құжат мәтініне өту

"Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында)

Қаулы · № 48 · қабылданған 14.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.12.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2007-16-no-90-no-13-13-50-2007-28/?version=45578_201738.kaz
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
"Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында) Күшін жойған Қаулы ·№ 48 ·14.04.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

"Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында)

ҚАЗ"Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында)

Күшін жойған Қаулы ·№ 48 · қабылданған 14.04.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында)
Атауы (қаз.)
"Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында)
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
48
Қабылданған күні
14.04.2009
Көрсетілген редакция
03.12.2009 · қолданыстағы 45578_201738.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
03.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SM000101
ЭКБ идентификаторы
45578
Редакция идентификаторы
45578_201738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:24

0 "Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-50; 2007 жылдың 28 мамырында)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 20-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесін іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 28 мамырда N 13-13-50 тіркелген) қосымшасына төменгі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыдағы қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Ахметоваға жүктелсін.

4 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы

14 сәуірдегі № 48
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыс түрлері, еңбекақы төлеу мөлшері, көлемі және мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Жұмыс түрлерінің аттары
Кәсіпорындар атауы
Жұмыс орны
Уақыт мерзімі
Тарифтік
коэфф
1. Аудандық елді мекендер аумағын жинастырып, үлгілі
тәртіпке келтіру
жөнінде тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық
ұйымдарына көмектесу
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
5
Жыл бойы
1,49
2. Жол құрылысы және жөндеу, су жүйесін, газ құбырын, арналық және басқа да коммуникациялар тарту, қайрақ тастар және жол жиегі тастарын төсеу, сондай-ақ осы жұмыстар үшін қажетті материалдар және
қосалқы (құрылыстық кірпіш, қиыршық тас, плиталар, құм ж.басқалары) материалдар дайындау.
Елді мекендерде жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары
(ор және шұңқырларды қажетті материалдармен бітеу, өткел салу, кіріс жолдарын жөндеу
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
11
Жыл бойы
1,59
3. Суландыру жұмыс- тарын, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқындарына байланысты жұмыстар жүргізу
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
5
Наурыз-мамыр,
қыркүйек-қараша
1,59
4. Құрылысқа, қайта құруын жаңғыртуға және тұрғын үйлерді жөндеуге қатысу. Әлеуметтік, мәдени мәндегі(мәдениет үйлері, денсаулық сақтау объектілері (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) коммуналдық меншік болып табылатын білім беру жүйесіне, егер де осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден қаржы бөлінбесе немесе объектілерді тиісті дәрежеде ұстап тұруға жеткіліксіз бөлінсе селолық округтер әкімдерінің және басқа да бюджеттік ұйымдардың аппараттары үшін жалға алынған үйлерді
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
12
Жыл бойы
1,59–
1,70
5. Тарихи – архитектуралық ескеркіштерді, кешендерді және қорықтық аймақтарды қалпына келтіруге
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігінің аппараты
3
Жыл бойы
1,59
6. Аймақты экологиялық сауықтыруға (көгалдандыру, абаттандыру,
көріктендіру (ағаш отырғызып, араларын шаруашылықтардың, орман, парктерін, демалыс өңірлерін және туризм аймақтарын дамытуға, қаңғыбас иттерді аулауға).
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
42
Жыл бойы
1,59
7. Мемлекеттік мерекелерге арналған спорттық шараларды, мерей–той салтанаты мен шараларды әзірлеуге, мұның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстар атқаруға қатысу
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
7
Жыл бойы
1,59
8. Республикалық және аумақтық қоғамдық науқандарды жүргізуге қатысу (қоғам пікірін
сұрау–сауалнама, халық санағы, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау
мәселелері бойынша статистикалық зерттеу)
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
10
Жыл бойы
1,43
9. Тұрғындардың аз қамтамасыз етілген жіктеріне, топтарына және жалғыз басты
қарияларға, жаңадан келген оралмандарға, сондай–ақ коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарға және ауданның әлеуметтік– мәдени тұрмыстық объектілеріне отындық ағаш, мал азығын дайындауға, көмір жеткізіп беріп, түсіруге көмектесу
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
12
Жыл бойы
1,49
10. Үй шаруашылығы санағына және шаруашылығы санағына
және шаруашылық кітабын толтыруға көмектесу
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
9
Жыл бойы
1,43
11. Маңызды әлеумет- тік–мәдени мәндегі объектілерге, сондай– ақ аудан әкімінің коммуналдық меншігіндегі бос тұрғанқұрылыс–жайларды күзетуге
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
6
Жыл бойы
1,49
12. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын тұрғындарды құжаттандыру жөніндегі ұйым- дастыру жұмыстарына уақытша көмек көрсету (тұрғындарды төп құжаттандыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және толтыруға көмектесу)
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
3
Жыл бойы
1,43
13. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдары жасақтарына қатысу
Селолық (ауылдық) округтері
әкімдігінің аппараты
11
Жыл бойы
1,43
Кестенің жалғасы
14. Балалар-жасөспірімдер клубтары арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың демалысын ұйымдастыру жөнінде (мерекелік және мерейтойлық күндегі әзірлік) бірреттік жұмыстар жүргізу
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
5
Жыл бойы
1,68
15. Саябақтар мен бау-бақшаларды көріктендіру және қорғау (жеке меншік объектілерінен басқа)
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
7
Жыл бойы
1,49
16. Зираттарды абаттандыру, көң-қоқыс төгетін орындарды жинастыру, мұның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
6
Жыл бойы
1,59
17. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылыту маусымы кезеңінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
8
Жыл бойы
1,49
18.Сырқат жалғыз басты қарт адамдарға күтім жасау (азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып әперу, үй-жайды жиыстыру, бөлмелерді әктеу, еден сырлау, кір жуу, жеміс-көкөніс отырғызу, олардың арамшөптерін отау
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
10
Жыл бойы
1,43
19. Иесіз қалған жылжымайтын мүліктерді анықтауға уақытша көмектесу
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
2
Жыл бойы
1,59
20. Жергілікті тұрақты орны бойынша тұрғындарды құжаттандыру мен тіркеуге техникалық қызмет көрсету
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
12
Жыл бойы
1,43
21. Оралмандарды қабылдау мен жайғастыру жөніндегі тапсырмаларды орындау
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
1
Жыл бойы
1,43
22. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көмек көрсету
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
6
Жыл бойы
1,43
23. Құжаттарды баптауға және сақтауға көмек көрсету
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
8
Жыл бойы
1,43
24. Қамту сұрақтар бойынша және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау үшін қажетті мәліметтерді даярлауға көмек көрсету
Селолық (ауылдық) округтері әкімдігі- нің аппараты
7
Жыл бойы
1,43
БАРЛЫҒЫ
208