Қолданыстағы ред. 11.04.2008 (Редакция 39731_316421.kaz)

Әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 «Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 11.04.2008 г. № 107 (Әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 «Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 «Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 «Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына («Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 жарияланған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тарауда:
7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын жұмыс берушілердің шығыстары тиісті жылға Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі 1,25 мөлшерінде өтеледі. Ақшалай қаражат жұмыс берушілердің, есеп шоттарына «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен аударылады».

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.