"Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 4-бөлімнің 9-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген көлемдерде салықтарға жұмыс берушілердің шығыстары мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.