2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 05.10.2007 г. № 164 (2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» (Аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 17 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13- 42, аудандық «Серпін» газетінде 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 17 (958) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аудан тұрғындарына ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде материалдық көмек 3000 (үш мың) теңгеден 200000 (екі жүз мың) теңге көлемінде белгіленсін».
2. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетілген мөлшерде тұрғындарға қаржылай материалдық көмек төлеу тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.