2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» (Аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 17 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13- 42, аудандық «Серпін» газетінде 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 17 (958) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аудан тұрғындарына ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде материалдық көмек 3000 (үш мың) теңгеден 200000 (екі жүз мың) теңге көлемінде белгіленсін».
Тармақ 2
2. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетілген мөлшерде тұрғындарға қаржылай материалдық көмек төлеу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.