Қолданыстағы ред. 15.03.2007 (Редакция 32726_312793.kaz)

2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 15.03.2007 г. № 74 (2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы №623 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Н.Кенжеғалиев) 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақырылуды кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1980-1989 жылдарды туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын, белгіленген мерзімде маусымда, желтоқсанда аудан әкімі аппаратына ақпарат тапсыратын болсын.

2

2. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жабдықталған орын бөлсін.

4

4. Шақыру комиссиясының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Жәнібек ауылдық округі әкімі (Р.Өтемісов) әскерге шақыру пунктіне көмек көрсету үшін 3 техникалық қызметкер және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің кестесіне сәйкес шақырылушылардың медициналық комиссия өтуі кезінде кезекші автокөлік бөлетін болсын.

5

5. Ауылдық округтер әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары:

1

1) шақырылған азаматтардың медициналық тексеру мен шақыру комиссиясына және оларды облыстық жинақтау пунктіне жеткізу үшін толықтай келуін қамтамасыз етсін;

2

2) мерзімді әскери қызметке алынушылар салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.

6

6. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Т.Мусағалиев) шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен, лабораториялық және рентген тексерулерін қамтамасыз ету шараларын алсын. Шақыру комиссиясының қорытындысы бойынша азаматтардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтуі үшін 10 орын бөлінетін болсын.

7

7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Наурзалиев):

1

1) шақыру кезеңінде аудандық шақыру пунктінде шақырушылар жөнелтілетін бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;

2

2) медициналық тексеруге уақытында және әскери міндеттіліктен жалтарған шақырушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін көмектессін;

3

3) алдын-ала тексеру және тергеу жөніндегі шаралар бойынша қылмыстық іс қозғалған шақырушылар туралы мәліметті мерзімді уақытта аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлайтын болсын.

8

8. «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Қ.Қапаев) әскерге шақырушыларды әскерге жөнелту орнына аттандыру үшін белгіленген мерзімдерге сай автобус бөлетін болсын.

9

9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Тарғыновқа жүктелсін.

10

10. Бұл қаулы аудандық баспасөз бетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
Жөніндегі бөлімінің бастығы Н.Ө.Кенжеғалиев
Келісілді:
Мемлекеттік коммуналдық
«Жолаушы» кәсіпорнының бастығы Қ.Қ.Қапаев
Келісілді:
Аудандық аумақтық медициналық
Бірлестігінің бас дәрігері Т.Қ.Мұсағалиев
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
Бастығы Н.М.Наурзалиев

16. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясы құрамы

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы
«2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
Айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді
Әскери қызметке шақыру туралы» №74 қаулысына қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясы құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері;
Шүкенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлешев Дулат Нәсіпқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары;
Карашин Рүстем Серікұлы - Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
Дауова Мәнсия Нариманқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері;
Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Қойбағарова Күләш - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.