Қолданыстағы ред. 20.04.2007 (Редакция 33396_345297.kaz)

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы от 20.04.2007 г. № 69 (Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына, 23 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың cәyip - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығына сәйкес аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдеріне 2007 жылы cәyip-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуін және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы № 1 қосымшаға және аудандық медициналық куәландырудан өткізу комиссиясының құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3.2 007 жылғы cәyip-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу «Ақсу ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

4

4. «Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Г.Кертаева, келісім бойынша):

1

1)аудандық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандармен және орта буын медициналық қызметшілермен жасақталсын;

2

2)шақырылушылардың әдістемелік-нұсқаулықтар талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін жүзеге асырсын;

3

3)шақырылушыларды жұқтырылған қорғаныш тапшылығы, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы белгілерін анықтауда ақысыз тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.

5

5. «Ақсу аудандық каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Шырғайбаева) әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын.

6

6. «Ақсу ауданы ішкі icтep бөлімі» мекемесі (М. Қорғанбаев) әскери міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінінде жүзеге асырсын.

7

7. Аудан Әкімдігінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Kүштepi қатарына мерзімді әскери қызметке 2006 жылдың cәyip - маусым және қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы» (аудандық Әділет басқармасында 2006 жылдың 30 маусымында мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2-4-31 нөмірімен тіркелген және аудандықг «Ақсу өңірі» газетінің 2006 жылғы 22 шілдедегі № 30 санында жарияланған № 199 қаулысынын күші жойылған болып танылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Кәрбозинге жүктелсін.

9

9. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен
кейін қолданысқа енгізіледі.

12

Ақсу ауданы Әкімдігінің 2007 жылғы «20» 04 «Қазақстан Республикасын Қарулы Kүштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2007 жылдың cәyip- маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы» № 102 қаулысымен бекітілген 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мейрембеков Ерен Оқасұлы аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы;
Кәрбозин Қайрат Жәнібекұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Байжұманов Серік Өмірзақұлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Мырзашев Иманғали Бөлегенович аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің
орынбасары, дәрігерлік медициналық комиссияның
төрағасы
Уразаева Гулзира Базановна аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі,
комиссия хатшысы.

13

Ақсу ауданы Әкімдігінің 2007 жылғы «20» 04 «Қазақстан Республикасын Қарулы Kүштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2007 жылдың cәyip- маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы» № 102 қаулысымен бекітілген 2 қосымша
2007 жылғы cәyip-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Мамандығы
Құрамы
Реаниматор, медициналық комиссия төрағасы
Мырзашев Иманғали Бөлегенович
хирург
Құрақбаев Бекбай Құрақбаевич
терапевт
Оралбекова Айгүл Оралтаевна
невропотолог
Сейітқожанова Бағлан Тлеуқабыловна
психиатр
Нурмухамбетова Каиникен Нурышевна
отоларинголог
Иманғалиев Серік Иманғалиевич
тіс дәрігері
Шаймерденова Галина Нұрғатановна
тері ауруы дәрігері
Жайнарбекова Алия Тлеуғалиевна
фтизиатр
Мадалимова Майра Жұмашевна
Көз дәрігері
Иманғалиев Дәметкен Жұмажановна
Комиссия хатшысы
Уразаева Гулзира Базановна
Медбикелер:
Жексенбекова Сауле Адаевна
Сылдырбаева Аида Жумановна
Зубаева Догмара