«2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 14-желтоқсандағы № 25-2, 2007 жылғы 13-ақпанындағы № 26-3 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 25-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 20.04.2007 г. № 27-4 ("2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 25-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы мәслихаттың 2006 жылғы 14-желтоқсандағы № 25-2 (тіркеу нөмірі 5-14-41, аудандық «Рауан» газетінің 2007 жылғы 20 - қаңтардағы № 3 санында), 2007 жылдың 13 - ақпанындағы № 26-3 (тіркеу нөмірі 5-14-45, аудандық «Рауан» газетінің 2007 жылғы 24-наурыздағы № 12, 2007 жылғы 31 наурыздағы № 13 сандарында жарияланған) шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 1 тармақшасында:
«1335651,0 мың теңге» саны «1342927 мың теңге» санымен ауыстырылсын.
2) 1-тармақтың 4 тармақшасында:
«1039151,0 мың теңге» саны «1046427 мың теңге» санымен ауыстырылсын.
3) 1-тармақтың 2 тармақшасында :
«1336394,2 мың теңге» саны « 1343670,2 мың теңге» санымен ауыстырылсын.
4) 5-тармақ мынандай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
-видеомобиль сатып алуға 5000,0 мың теңге;
-облыстық маңызына берілген автокөлік жолдарын күтіп ұстауға 1370 мың теңге;
- мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу мақсатында мемлекеттік мекемелер мен казыналық кәсіпорындарға облыстық газеттерді тарату 906,0 мың теңге;
5) № 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
6) № 2 қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
7) № 3 қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
2007 жылғы 20-сәуірдегі
аудандық мәслихат сессиясының
№ 27-4 шешіміне 1-қосымша
2007 жылғы 20-сәуірдегі
аудандық мәслихат сессиясының
№ 27-4 шешіміне 2-қосымша
2007 жылғы 20-сәуірдегі
аудандық мәслихат сессиясының
№ 27-4 шешіміне 3-қосымша