Қолданыстағы ред. 12.02.2007

«Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы от 12.02.2007 г. № 344 («Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы)

0

«Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-69 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
2-тармағындағы «25 пайыздан» деген сөздер «20 пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағындағы «22 пайыз» деген сөздер «18 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармағындағы «22 пайыз» деген сөздер «18 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ «Лисаков қаласының құрметті азаматтарына» деген сөздерден кейін «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген создермен толықтырылсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Л.Н.Черноваға және қала әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.