«Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-69 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде: 2-тармағындағы «25 пайыздан» деген сөздер «20 пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармағындағы «22 пайыз» деген сөздер «18 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармағындағы «22 пайыз» деген сөздер «18 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ «Лисаков қаласының құрметті азаматтарына» деген сөздерден кейін «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген создермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Л.Н.Черноваға және қала әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.