Қолданыстағы ред. 16.01.2007 - 01.01.2007 (Редакция 31539_348828.kaz)

«Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 16.01.2007 г. № 176 («Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

«Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын карап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Занының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы ШЕШТІ:

1

1. Жангелдин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтарда өткен кезектен сессиясы "Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 176 шешім қабылдады. (Бұған дейін Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы өткен он бесінші сессиясы Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандык бюджеті туралы" № 166 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-50 "Біздің Торғай" газеті, 12 қаңтар 2007 жыл, № 1-2).
1) аталған шешімнің 1-тармағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар енгізілсін:
кірістер - 860 928 мың теңге,
түсімдер бойынша - 84 020 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 83 382 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 430 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 208 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер - 169 797 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері - 196 579 мың теңге;
субвенция - 410 532 мың теңге.
шығындар - 863 071 мың теңге;
2) аталған шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санатына өзгеріс енгізілсін:
105303 "Жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем" санатының "3" саны "0" санымен өзгертілсін.
3) шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санаты жаңа редакцияда жазылып, толықтырылсын:
1) 105315 "Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем" санатына 3 мың теңгеге қаражат қаралып, бекітілсін;
4) мына бағдарламалар жаңа редакцияда жазылып, өзгерістер енгізілсін:
1) "Жангелдин аудандык мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің 112001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "6927" саны "7018" санымен;
2) "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 122001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "27134" саны "29281 "санымен;
3) Ауылдық, селолық әкімінің аппараттарының 123001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "45317" саны "45357" санымен 123008000 "Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру" бағдарламасының "200" саны "160"санымен;
4) "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 453001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "3757" саны "3792" санымен;
5) "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 464003105 "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, мектептер-балабақшалар қызметін жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз ету" бағдарламасының ''318987" саны "319987" санымен;
6) "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 455001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "4514" саны "6784" санымен;
7) "Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің - 456001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "2258" саны "2298" санымен айырбасталсын;
5) мына бағдарламалар жаңа редакцияда жазылып, толықтыру енгізілсін:
1) "Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің -462004000 „Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру" бағдарламасына 100 мың теңге;
2) "Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 467001005 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" бағдарламасына 753 мың теңге қаржы бөлінсін;
6) Қостанай облыстық мәслихатының 9 қаңтар 2007 жылғы № 388 шешіміне сәйкес республикалық трансферттің есебінен мына төмендегі бағдарламаларға қосымша қаржы қаралсын:
1) "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 464003104 "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, мектептер-балабақшалар қызметін республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер есебінен қамтамасыз ету" бағдарламасына 33838 мың теңге;
2) 464005011 "Ауданның мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулыктар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу" бағдарламасына 3904 мың теңге;
3) 464116000 „Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту" бағдарламасына 1230 мың теңге;
4) "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 451017011 „Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету" бағдарламасына 333 мың теңге;
5) "Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 467002011 "Білім беру объектілерін дамытуды республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру" бағдарламасына 143579 мың тенге;
6) 467012011 „Сумен жабдықтау жүйесін дамытуды республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру" бағдарламасына 53000 мың теңге қаржы бөлініп, бекітілсін;
7) аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3