«2007 жылға арналған аудандық
бюджет туралы» 2006 жылғы
9 желтоқсандағы № 35-2 сессия шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 116-бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 16 қазандағы № 2/13-IV шешіміне сәйкес Жарма аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 35-2 сессия шешіміне өзгеріс енгізу туралы от 23.10.2007 г. № 2/5-IV («2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 35-2 сессия шешіміне өзгеріс енгізу туралы)
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы Жарма аудандық мәслихатының 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 35-2 (тіркеу нөмірі 5-10-36, "Рауан-Восход" газетінің № 1 санында жарияланған), 2007 жылғы 6 ақпандағы № 36-2 (тіркеу нөмірі 5-10-40, "Рауан-Восход" газетінің № 7 санында жарияланған), 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 38-2 (тіркеу нөмірі 5-10-42, "Рауан-Восход" газетінің № 17, 19 сандарында жарияланған),2007 жылғы 23 шілдедегі № 40-5 (тіркеу нөмірі 5-10-50, "Рауан-Восход" газетінің № 30 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгеріс ескере отырып, мыныдай өзгеріс енгізілсін:
1) 1-тармақ мыныдай редакцияда жазылсын:
1) Кірістер -1794599 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер - 606547 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 1020 мың теңге;
Трансферттердің түсімі – 1133084 мың теңге;
2) Шығындар – 1839183,1 мың теңге;
3) Операциялық сальдо – 44584,1 мың теңге;
4) Бюджет (профицит) тапшылығы – 44584,1 мың теңге;
5) Бюджет (профицит)
тапшылығын қаржыландыру - 4584,1 мың теңге;
2. Осы шешім Жарма аудандық Әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.