Қолданыстағы ред. 28.03.2008 (Редакция 38917_331748.kaz)

Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36-III «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 28.03.2008 г. № 71-YI (Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36-III «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №36-III «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабын басшылыққа алып және аудан әкімиятының 2008 жылғы 19 наурыздағы №110 қаулысының ұсынысы негізінде Құрманғазы аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №36-III «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» (аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 26 қаңтарда №4-8-123 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2008 жылы 1 наурыздағы 9-шы нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Тәртіптің «2. Тұрғын үй көмегін тағайындау» деген бөлімде:
7-тармақта:
7) тармақшасындағы бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Орталық жылу, су, газ жүйелерін пайдаланатын тұрғын үй иелері үшін тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді (жылуды, суды, газды, канализацияны, қоқыс шығаруды, электр энергияны) тұтынуға төлеген төлемдерінің түбіртектері (квитанция), ал ондай жүйелерге қосылмаған тұрғын үй иелері үшін тек қана электр энергиясына төлеген төлемдерінің түбіртектері тапсырылды.»;
11-тармақта
«электр энергиясын» деген сөздерден кейін «пайдалану, қатты отын» деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Орталық жылу, су, газ желілеріне қосылмаған отынмен жылытылатын, құдық, газ балон пайдаланушы жеке тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларына: бір айға отын үшін-1100 теңге (от жағу маусымында IY-I тоқсандарда), ауыз су мөлшері-800 теңге, газ балон-500 теңге болып белгіленсін.».

2

2. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Р.Габдушева) жүктелсін.