Аудандық әкімияттың 2007 жылғы
21 қарашадағы № 415 "Аз қамтылған
Отбасыларына (азаматтарға) тұрғын
үйді ұстауға және коммуналдық
қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге
тұрғын үй көмегін көрсету туралы"
қаулысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Махамбет аудандық прокуратурасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы №12/08 наразылығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 21 қарашадағы № 415 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы" қаулысын бекіту туралы от 22.01.2008 г. № 36 (Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 21 қарашадағы № 415 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы" қаулысын бекіту туралы)
1. Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 22 қарашадағы №415 қаулысымен ұсынылған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы және комиссия құрамы 1,2 қосымшаларға сай бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 04 тамыздағы №222 «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету туралы» шешімі (2003 жылы 22-тамыздағы №1596 санмен мемлекеттік тіркеуге енгізілген. Аудандық газеттің (24.08.03 ж) №28 санында жарияланған);
2) Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №29 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегінкөрсету туралы».
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылықты сақтау, құқық тәртібі, әлеуметтік сала және жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссияға (Н.Ерғалиев) жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 22 қаңтардағы
№ 36 шешіміне 1-қосымша
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), тұрғын үй ұстағаны және коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны үшін төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Қағидасын белгілейді.
2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықты аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.
2. Тағайындау қағидасы
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тағайындалады.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз беруші тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп тапсырады:
1) отбасы құрамы туралы мәлімет;
2) пайдаланып отырған тұрғын үйдің жалпы көлемін растайтын құжат;
3) қызмет көрсетуші мекемелерден алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар (немесе басқа растайтын құжаттар);
4) отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлімет;
5) жеке меншігінде тұрғын үйі (үй пәтері) бар екендігін растайтын құжат;
Арыз беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрғын үй көмегінің жоғары немесе заңсыз тағайындалуға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін үйді жалға алушы (меншік иесі) заң бұзушылық анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған қаражат қайтарылуға жатады.
5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.
7. Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.
9. Тұрғын үй көмегі, тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, көмір отын, қоқыс шығару) шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі шығындар үлесінен асқан жағдайда тағайындалады. Тұрғын үй ұстағаны және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінен артық болған кезде белгіленеді.
Тұрғын үй көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсанға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға есептелген нақты сомасының 90 пайызынан аспауы керек.
11. Тұрғын үй көмегі егер осы көмекті тағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге арыз ағымдағы тоқсанның екінші айының 15-не дейін тапсырылса арыз белгіленген тоқсанның алдыңғы тоқсанына тағайындалады.
12. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер,үй) немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Егер отбасында мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жеті жасқа дейінгі (бір не одан көп) баланы тәрбиелеумен айналысатын тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және тиісті органдарда жұмыссыз ретінде есепте тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ондай отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
13. Тұрғын үй көмегі арыз берушілердің тілегіне қарай қаражатты арыз берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленеді.
14. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы жалдаушысында (меншік иесінде) сақталады.
15. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берілген ақпараттың дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.
16. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шекті шығындарының үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифтері мен ставкалары өзгерген кезде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі органдары бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе оны алу құқығын өзгертуге негіз бола алатын кез келген өзгерістер (өзінің тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамында тағы сол сияқты), сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге міндетті.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.
18. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттармен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешіммен хаттама немесе шешімнен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.
3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу қағидасы.
19. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есептеледі.
20. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы №31-Б бұйрығымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесіне», Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек заңнамасын қолдау тәртібі туралы» 2002 жылғы 27 наурыздағы №11-1-тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің жиынтық тізімін жасап екінші деңгейдегі банктерге 11/1367 ұсынысына сәйкес есептеледі.
21. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа) есептеледі.
22. Жиынтық табыс арыз берушінің және жанұя мүшелерінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтер негізінде есептеледі.
23. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде, жиынтық табысқа табыстың барлық сомасын алынған айлардың санына бөлінген, үш айға көбейтілген мөлшердегі табыс сомасы есептеледі.
4. Қаржыландыру және төлеу қағидасы
24. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткен жібереді, сондай-ақ аудандық қаржы бөліміне, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне сұраныс жібереді.
25. Аудандық қаржы бөлімі сұраныс негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Аудандық бөлім ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күн ішінде екінші деңгейдегі банктердің (коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің) шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасындағы келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады.
26. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктермен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген алушылар тізімі негізінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын (төлқұжат, жеке куәлік, СТН) көрсету арқылы төленеді.
5. Есеп жүргізу және есеп беру қағидасы
27. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп беру, бақылау және есептілік жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелді.
28. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 10- на дейін екінші деңгейдегі банктермен (коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен) өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде белгіленген нысанда қаржы және жоғары тұрған органдарға тұрғын үй көмегінің төленген сомалары бойынша есеп береді.
29. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ уақытылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
30. Лауазымды тұлғалардың тұрғын үй көмегін дұрыс емес тағайындау салдарынан немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне біле тұра заңсыз тағайындауға апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегінің сомасы кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 22 қаңтардағы
№ 36 шешіміне 2-қосымша
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі комиссия құрамы
Шотпақов Сағынғали Нысанбайұлы
-аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Қалиев Нұрлан Серікұлы
-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Түйешиев Тлекқабыл Қожабайұлы
-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығының орынбасары, комиссия хатшысы
Мүшелері
Құлмағамбетов Ерсайын Нұрымұлы
-аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Мажиев Қайыржан Мәжиұлы
-аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы