Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 14.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2010 · қолданыстағы AI39840_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DA000081
- ЭКБ идентификаторы
- 39840
- Редакция идентификаторы
- AI39840_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:39
0 Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" N 12 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелінген нөмірі 2-1-56, "Талдықорған" газетінің 2007 жылдың 23 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар 2008 жылдың 1 қаңтарынан енгізілсін:
1 1) 6-тармақта 8-тармақша алынып тасталсын;
2 2) 8-тармақта:
"жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды" деген сөздерден кейін "дәрігерлік кеңес комиссиясының анықтамасымен ауыр жұмыстан босатылғандар, амбулаториялық (стационарлық) емдеуде жүргендер" деген сөздермен толықтырылсын.
3 3) 15-тармақта:
"сенім хаты бар жалдаушыға беріледі" деген сөздерден кейін "Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайын, нақты тұратындығын және отбасы тұратын үйдің көлемін анықтауға тексеру жүргізуді тапсырады" деген сөздермен толықтырылсын.
4 4) 20-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"Электр энергиясы, сумен қамту шығындары құжаттарды тапсырған айдың алдындағы айдағы түбіршекте көрсетілген шығындар бойынша есептелінеді".