Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы «2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 4/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 1 ақпандағы № 12-9-35) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, облыс әкімдігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы» № 115/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 203/7 қаулысына сәйкес, жекелеген санаттағы мұқтаж аудан азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы «2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 4/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 1 ақпандағы № 12-9-35) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы от 28.08.2007 г. № 181/9 (Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы «2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 4/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 1 ақпандағы № 12-9-35) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы «2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 4/1 қаулысына мынандай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығында:
2 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
соғыс ардагерлеріне пәтер жөндеуге;
тұрмыстық – коммуналдық шығындарды өтеу үшін материалдық көмек (сумен, жылумен жабдықтау, отын сатып алу, электр қуаты, канализация);
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне;
Ауғанстандағы жүргізілген соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілеріне;
Чернобыль атом электр стансасының апат зардаптарын жоюға қатысқандарға;
қайта тұрмыс құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне;
«Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға;
екінші әлемдік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың мақсаттарымен құрылған концлагерлер, гетто және басқа да орындарда мемлекетке толмаған лажсыз басты еңбекке жарамсыз, қартайған азаматтарға;ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
2. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.