Ақсу аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 4-23 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақсу аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 4-23 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақсу аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 4-23 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-43
- Қабылданған күні
- 18.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2008 · қолданыстағы 39268_358921.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DD000068
- ЭКБ идентификаторы
- 39268
- Редакция идентификаторы
- 39268_358921
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:36
0 Ақсу аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 4-23 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 111 бабының 1 тармағына және 116 бабына сәйкес Ақсу аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақсу аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 қаңтарда
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-58 нөмірімен тіркелген, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 4(9387) нөмірінде жарияланған Ақсу аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 4-23 нөмірлі шешіміне қоса/ Ақсу аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-62 нөмірімен тіркелген, аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы Ақсу аудандық Мәслихаттының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 4-23 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 5-28 нөмірлі шешіміне қоса мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтағы «Kipicтep» деген жол бойынша «1489543» саны «1508004» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
Түсімдер көлемі «10661» мың теңгеге азайытылады.
«Трансферттер түсімдері» деген жол бойынша «1397380» саны «1426502» санына ауыстырылсын.
2 тармақтағы “Шығындар” деген жол бойынша «1494770» саны «1513231» санына ауыстырылсын.
1 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер» тобы бойынша «139643» саны «140378» санына ауыстырылсын.
452 бағдарлама әкімшісі ауданның қаржы бөлімінің кіші бағдарламасы 009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» деген жолдан кейін 003 бағдарлама «Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» деген жолмен толықтырылып, «735» саны енгізілсін.
453 бағдарлама әкімшісі ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 003 кіші бағдарламасынан кейін 009 ««Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» деген жол алынып тасталсын.
7 «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық» тобы бойынша «89373» саны «107168» санына ауыстырылсын.
«Өнеркәсіп,сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» тобы бойынша «32256» саны «32187» санына ауыстырылсын.
Операциялық сальдо (-) «5227» мың теңге.
Бюджет тапшылығы (-) «5227» мың теңге.
Бюджет қаражатының бос қалдықтары - «5227» мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) «5227» мың теңге.
2 2. Шешім қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3 3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы,
Мәслихат хатшысы
Серпербаев Серикбек
Келісілді:
«Ақсу аудандық экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жандосова Гүлнара Жандосқызы