Отырар аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/34-IV шешімімен бекітілген "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасына" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Отырар аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/34-IV шешімімен бекітілген "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасына" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Отырар аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/34-IV шешімімен бекітілген "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасына" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/109-IV
- Қабылданған күні
- 20.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2009 · қолданыстағы AI45214_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UI000075
- ЭКБ идентификаторы
- 45214
- Редакция идентификаторы
- AI45214_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:42
0 Отырар аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/34-IV шешімімен бекітілген "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасына" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес аудан әкімінің ұсынысын қарап, талқылай келе аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 5/34-IV шешімімен бекітілген "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасына" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 14-9-50 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 1 наурызында "Отырар алқабы" газетінің N 22 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақтың 1)- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1
"1) тұрғын үй көмегі – халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы төлеуге беріледі";
2 2) 1 тармақтың 2)- тармақшасындағы "отбасыларына көрсетілген" деген сөздерден кейін "көмектер мен жер үлесінен, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты" деген сөздермен толықтырылсын;
3 3) 3 тармақтың екінші абзацындағы "қызметінде" деген сөз "органында" деген сөзбен ауыстырылсын;
4 4) 7 тармақтың 3)- тармақшасы "Өзін -өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс азаматтардың жазбаша өтінішімен расталады;" деген абзацпен толықтырылсын;
5 5) 11 тармақтағы "ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша" деген сөздерден кейін "алдыңғы тоқсандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
6
6) мынадай мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын "16-1 Тұрғын үй көмегін тағайындау есебін жүргізу барысында, коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (орта мөлшері) коммуналдық қызметтер ұсынатын деректері негізінде айқындалады, қыс мезгілінде жылыту үшін қатты отынды тұтынудың мөлшерін уәкілетті орган белгілейді".