Қолданыстағы ред. 29.01.2008 (Редакция 38472_325453.kaz)

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 29.01.2008 г. № 5-33-IV (Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №4-18-ІV шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-53 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтардағы «Мақтаарал» газетінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

1

«1. Мақтаарал ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті №1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1

1) кірістер - 7645495 мың теңге;
салық түсімдері - 765604 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2491 мың теңге;
негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсімдер - 64648 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 6812752 мың теңге;

2

2) шығындар - 7605865 мың теңге;

3

3) операциялық сальдо - 39630 теңге;

4

4) таза бюджеттік кредит беру - 1227 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1227 мың теңге;

5

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 40857 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 40857 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 58976 мың теңге;

6

6) бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 18119 мың теңге.»
1-қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.