«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген деректер негізінде Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 17.09.2008 г. № 11-7 («Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
1. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы »33-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-66 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2007 жылғы 21 сәуірдегі №31 санында жарияланған), («Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №4-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-85 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы №7 санында жарияланған) және «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 маусымдағы №8-8 (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-93 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 2 шілдедегі №55 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ережедегі:
24-тармақтың 4) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатты отын (көмір) пайдалану нормасы әр отбасына жылдың қаңтар, аққпан, наурыз айлары үшін 1 тоннадан және қараша, желтоқсан айлары үшін 0,5 тоннадан (бағасы көмір жіберушінің анықтамасымен).»;
екінші абзацындағы «қазан» деген сөз «қараша» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.