«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген деректер негізінде Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы »33-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-66 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2007 жылғы 21 сәуірдегі №31 санында жарияланған), («Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №4-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-85 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы №7 санында жарияланған) және «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 маусымдағы №8-8 (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-93 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 2 шілдедегі №55 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ережедегі:
24-тармақтың 4) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатты отын (көмір) пайдалану нормасы әр отбасына жылдың қаңтар, аққпан, наурыз айлары үшін 1 тоннадан және қараша, желтоқсан айлары үшін 0,5 тоннадан (бағасы көмір жіберушінің анықтамасымен).»;
екінші абзацындағы «қазан» деген сөз «қараша» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.