Қолданыстағы ред. 27.02.2025 - 07.02.2011

"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 02.12.2010 г. № 329 ("Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес және 2010 жылғы 15 тамыздағы «Қоршаған ортаны қорғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төлқұжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» ғылыми есептің негізінде Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында «Ақ жол» және 2007 жылдың 12 мамырында «Знамя труда» облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:
«Су айдындарының атауы» бағанына:
1 жол: «Каскад Темірбек, Багара-1»;
2 жол: «Каскад Каменное, Колос тәлім бағы, Шайдана, Дилдабай, Жаманкөл, Нұрлы»;
3 жол: «Көкәуіт»;
4 жол: «Войнское, Ленинский-Комсомольский, Ақкүшік, Шарбақты, Құндыз»;
5 жол: «Кеңес, Аспара Қарабайлама, Кіші Арал»;
9 жол: «Қондыбай, Сарғау»;
10 жол: «Ешкілі Қордай, Қарақоңыз, Қақпатас, Алты айғыр, Қарасу, Қасқасу, Кенен» сөздерімен толықтырылсын:
«Су айдындарының атауы» бағанынан:
1 жолдағы: «Новое, Верхнее»;
3 жолдағы: «Ботақара»;
8 жолдағы: «Шортанкөл, Айдын»;
9 жолдағы: «Көкөзек» сөздері алынып тасталсын.

2

2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.