"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес және 2010 жылғы 15 тамыздағы «Қоршаған ортаны қорғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төлқұжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» ғылыми есептің негізінде Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында «Ақ жол» және 2007 жылдың 12 мамырында «Знамя труда» облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде: «Су айдындарының атауы» бағанына: 1 жол: «Каскад Темірбек, Багара-1»; 2 жол: «Каскад Каменное, Колос тәлім бағы, Шайдана, Дилдабай, Жаманкөл, Нұрлы»; 3 жол: «Көкәуіт»; 4 жол: «Войнское, Ленинский-Комсомольский, Ақкүшік, Шарбақты, Құндыз»; 5 жол: «Кеңес, Аспара Қарабайлама, Кіші Арал»; 9 жол: «Қондыбай, Сарғау»; 10 жол: «Ешкілі Қордай, Қарақоңыз, Қақпатас, Алты айғыр, Қарасу, Қасқасу, Кенен» сөздерімен толықтырылсын: «Су айдындарының атауы» бағанынан: 1 жолдағы: «Новое, Верхнее»; 3 жолдағы: «Ботақара»; 8 жолдағы: «Шортанкөл, Айдын»; 9 жолдағы: «Көкөзек» сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.