Құжат мәтініне өту

Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы · № 146 · қабылданған 14.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-31-n-59/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 146 ·14.05.2009
14.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 146 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
146
Қабылданған күні
14.05.2009
Көрсетілген редакция
14.11.2013 · қолданыстағы AI46137_1.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DO000071
ЭКБ идентификаторы
46137
Редакция идентификаторы
AI46137_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:05

0 Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабының 1-тармағы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.03.2009 жылғы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аталған қаулының бірінші тармағы мынандай редакцияда жазылсын:

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Үшінші тармағының 1-тармақшасындағы "деп" деген сөз алынып тасталсын, 2 тармақшасы "жылдық жоспарға қосымша ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орнына қатысушы 1 адамның орташа еңбекақысы 30 мың теңгеден кем емес мөлшерде белгіленсін. Оның 50 пайызын, яғни 15 мың теңгесін жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.

3 3. Төртінші тармағындағы "Әлеуметтік жұмыс орындарына" деген сөздерден кейін "жіберілетін жұмыссыздардың еңбек ақысының қаржысын" деген сөздермен толықтырылсын.

4

4. Қосымшаның 1 тармағының 1-тармақшасында "азаматтарға арналған" деген сөздер "азаматтарды қабылдайтын" деп, уақытша сипатта деген сөздерден кейінгі "болады" деген сөз "ұйымдастыратын" деп, "орындары" деген сөзден кейінгі "қолданылмайды" деген сөз "пайдаланылмайды" деп өзгертілсін және "әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыға төленетін еңбекақының 50 пайызынан кем емес мөлшерін төлей алатын" деген сөздермен толықтырылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлына жүктелсін.

6 6. Жергілікті баспасөзде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

7 Райымбек ауданы әкімдігінің

"Нысаналы топтарға жататын
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы" 2007 жылдың
31 қаңтардағы N 59 Қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы 2009 жылдың
14 мамырдағы N 146 Қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі.

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі шарттармен анықталады:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз деп танылған халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды қабылдайтын;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындарын уақытша сипатта ұйымдастыратын және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындарын пайдаланбайтын;

3 3) жұмыс беруші ретінде қолайлы кесте арқылы жартылай жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндігі бар;

4 4) әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыға төленетін еңбекақының 50 пайызын төлей алатын;

2

2. Халықтың нысаналы топтары үшін құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс беруші мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында келісім шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Келісім шартта әлеуметтік жұмыс орнының түрі, көлемі, тараптардың міндеттері және еңбекақы көлемі мен мерзімі көрсетілуі тиіс.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтардың еңбекке бейімделуіне себеп болуы қажет.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруды бақылау уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы