О стратегии акима Павлодарской области по развитию сельских территорий на период до 2007 года Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімінің ауыл аймақтарын дамытудың жылға дейінгі кезеңге срналған стратегиясы туралы
Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары Ж.Ж. Нұрғалиевтiң Павлодар облысы әкiмiнiң ауыл аймақтарын дамытудың 2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиясы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Павлодар облысы әкiмiнiң ауыл аймақтарын дамытудың 2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиясы (бұдан әрi-Стратегия) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс экономика департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Стратегияның жүзеге асырылуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Жоспардың жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Басқа 4. Павлодар облысы әкiмiнiң ауыл аймақтарын дамытудың
2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған
Стратегиясы
II сайланған Павлодар облыстық
мәслихатының 2003 жылғы 21
ақпандағы XXV (кезектен тыс)
сессиясының "Павлодар облысы
әкiмiнiң ауыл аймақтарын дамытудың
2007-жылға дейiнгi кезеңге арналған
стратегиясы туралы" № 112/25
шешiмiне қосымша
Павлодар облысы әкiмiнiң ауыл аймақтарын дамытудың
2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған
Стратегиясы
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Соңғы уақытта ауылды теңгерiмдiлiктi және кешендi әлеуметтiк-экономикалық дамыту аса маңызды болып отыр. Алдағы үш жылды ел Президентi ауылды (селоны) жаңғырту кезеңi деп жариялады, оны реформалау тек өндiрiстiк-экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтiк-саяси мәселе. Ауылдың әлеуметтiк және уәждемелiк әдет-ғұрпын тїүбегейлi өзгерту, жер қатынастарының реформасын қисынды аяқталуына жеткiзу, ауылдықтарға қалыпты өмiрдiң дәмiн сезiнуге көмектесу, олардың жақсы табыс табуына мүмкiндiк беруi керек. Қазақстан Республикасының үкiметi 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын қабылдады. Оның мақсаты агроөнеркәсiп кешенiнiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекеге жарамды өнiм өндiру негiзiнде елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған облыстың ауылдық аумақтарын дамыту Стратегиясы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiнiң аса маңызды бағыттарын анықтау, ауылдың әлеуметтiк және экономикалық өзектi мәселелерiн кешендi шешудi қамтамасыз ету үїшiн әзiрленiп отыр. Осы Стратегияны және оның негiзiнде қабылданған бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру ауылдың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына көмектеседi.
Тарау 2. 2. Павлодар облысының ауылдық аумақтарының қазiргi жай-күйiн талдау
2. Павлодар облысының ауылдық аумақтарының қазiргi жай-күйiн талдау
Ауыл шаруашылығы және ауыл тұрғындарының өздерi де рынокқа көшкенде зиян шектi. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң көбi залалды, айналым қаражатынсыз, кредиттер бойынша банктерге және мiндеттi төлемдер бойынша бюджетке үлкен берешектерi бар.
Негiзгi қорларға күрделi жұмсалымдардың көлемi едәуiр азайды, ауыл шаруашылығы техникасының паркi орта есеппен 55 % қысқарды, органикалық тыңайтқыштарды қолдану 6 есеге және минералды тыңайтқыштарды қолдану 7 есеге азайды.
Соңғы жылдары қол жеткiзiлген ауыл шаруашылығы мал басыныѕ өсуiне қарамастан, 1993 жылдан басталған мерзiмде (әсiресе 1998 жылдан 2000 жылға дейiн) мал басының: IҚМ 48 %, (соның iшiнде сиыр - 54 %,) шошқа - 45 %, жылқы - 60 % төмендеуiне жол берiлдi. Қой мен ешкi 82 %, құс 24 % қысқарды. Астық, сүт, ет, жұмыртқа және жүн өндiру едәуiр қысқарды.
1993 - 2000 жылдарда ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқабы 3224,6 мың гектардан 646,6 мың гектарға, яғни 80 % қысқарды. Аса маңызды дақылдарға келсек, картоптың егiс алқабы - 63 %, көкөнiстiң 32 %, астық дақылдарының егiс алқабы 76 %, (соның iшiнде бидайдың 67 % қысқарды). Нәтижесiнде астықтыѕ жалпы түсiмi 75 %, бидай - 70 %, күнбағыс 43 %, картоп - 69 %, көкөнiс 37 % төмендедi. 2001 жылдан бастап салыстырмалы тұрақтану және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң өсуi байқалуда.
Тұтас алғанда ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлердiң жалпы алаңы 5 жылдың iшiнде 5,3 млн. гектарға қысқарды, ал қосалқы жерлердiң алаңы тиiсiнше көбейдi. Ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлердiң құрамындағы пiшендiктердiң алаңы 102,7 гектарєға азайды.
Бүгiнгi күнi облыстың жер балансында 132,8 мың га суармалы жер бар, олардың 59,5 мың гектары ұдайы суармалы және 73,3 мың га көлдете суару жерлерi. Егер көлдете суару жүйесi (әсiресе Ертiс өзенi-нiң аѕғарында) 70 % пайдалынатын болса, ал ұдайы суармалы жерлер 17 % пайдаланылады. Сорап станцияларының көбi бөлшектелiп жатыр, гидротехникалық құрылыстар қираған, жаңбырлатқыш машиналардың паркi күрделi жөндеу мен жаңалауды қажет етедi.
Ауылдық жерлердегi бөлшек сауда желiсi жеке кәсiпкерлер мен ауылшаруашылық құрылымдардың күшiмен құрылған. Тұтынушылар коперациясының қызметi тәжiрибе жүзiнде қысқарған, оның үлесiне барлық жұмыс iстеп тұрған сауда кәсiпорындарының 13 % және қайта өңдеу кәсiпорындарының 5 % жуығы ғана келедi.
Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу жүйесi нашар дамыған. өркениеттi көтерме сауда рыногының болмауы, биржалық сауданы алып тастау ауыл шаруашылығы өнiмiн түпкiлiктi тұтынушыға жылжытудағы делдалдардың кең желiсiнiң сақталуына көмектеседi. Бар дайындау пункттерiнiң жарақтандырылу деңгейi жеткiлiксiздiгi, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасына лабораториялық бақылау жүргiзiлмеуi тамақ өнеркәсiбiн қажеттi шикiзатпен қамтамасыз етуге керi әсерiн тигiзедi.
Ауылдағы қайта өңдеу саласында материалдық-техникалық базасы сапалық ескiрген мини-цехтар бар. қайта өѕдеу кәсiпорындарының қуаттарын пайдалану коэффициентi 30 %. Нәтижесiнде сапалық сипаттамасы төмен сұрыпталымы санаулы өнiм шығарылады.
Ауылда жұмыспен қамту проблемасы өте көкейкестi болып тұр. Тек қана 16 мың ауыл халқы, немесе еңбекке жарамды жастағы ауыл тұрғындарының 10 % ауыл шаруашылығы өнiмдерiн товарлы өндiрудiң ұйымдастырылған нысандарында жұмыс iстейдi. Қалғандары уақытша жұмыс iстейдi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етедi, бұл әзiрше олардың экономикалық өзiндiк молшылығын қамтамасыз етпейдi.
Реформа жылдарында ауыл халқының көпшiлiгiнiң тiршiлiк деңгейi едәуiр төмендедi. 34,2 мың адам, немесе облыстағы аз қамтамасыз етiлген азаматтардың жалпы санының 55,5 % селолық аудандарда тұрады. Олар үшiн медициналық қызмет көрсету, бiлiм және басқа да көптеген әлеуметтiк игiлiктерге қол жеткiзу қиындап кеттi. Тiршiлiк ету сапасына аумақтың бытыраңқылығы және елдi мекендердiң қалалардан шалғай орналасуы, кейбiр ауылдық аумақтардағы көлiк және коммуникациялық инфрақұрылымдардың нашар дамуы елеулi ықпал етедi, әлеуметтiк-мәдени инфрақұрылымның көптеген объектiлерi қараусыз қалды, тұрғын үйлер мен жалпы ауылдың архитектуралық бейнесi жойылған.
9 аурухана, 1 аудандық емхана, 9 туберкулез ауруханасы, 5 ауылдық учаскелiк аурухана, 75 ауылдық дәрiгерлiк емхана, 88 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 139 фельдшерлiк пункт және 48 медицина қызметкерi жеке үй-жайсыз ауылдық жерлердiң халқына медициналық көмек көрсетедi.
2002 жылы емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, ауыл халқына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру жөнiндегi жұмыстардың өткiзiлгенiне қарамастан, әлi көптеген iстердi жүзеге асыру керек. Медициналық объектiлердiң елеулi саны күрделi жөндеу мен қалпына келтiрудi қажет етедi. Ауылдық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудiң медициналық ұйымдары құрал-жабдықпен қажеттi көлемде жабдықталмаған, бiр орталықтан сумен жабдықтаумен барлығы қамтылмаған. Облыстағы 10 мың тұрғынға 75,2 төсекпен қамтамасыз ету көрсеткiшiне қарағанда - мұнда 27,8 құрайды, стационарлық медициналық көмек 5-6 бейiн бойынша ғана көрсетiледi.
Соңғы 10 жылда облыстың ауылдық жерлерiнiң халқын дәрiгер кадрларымен қамтамасыз етiлуi 1,7 есе төмендедi, 2002 жылы оны арттыру үрдiсi байқалады. Дәрiгер кадрларымен қамтамасыз ету көрсеткiшi 10 мың тұрғынға 10,8-дi құрады. Сонымен қатар, ауылдық медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi қалаларға қараєанда едәуiр төмен. Ауылдардың медицина ұйымдарында 12,8% дәрiгердiң (облыс көрсет-кiшi 41,2%) және 7,7% орта медицина қызметкерiнiң (29,6%) бiлiктiлiк санаты бар.
Ауыл халқының сырқаттану деңгейi 21,4%-ға артты. Әлеуметтiк маңызды аурулармен: туберкулезбен, қатерлi iсiкпен, жүрек-тамыр ауруларымен, қант диабетiмен, сондай-ақ нашақорлықпен ауырғандар санының өскенi байқалады.
Облыстың ауылдық аймақтарында орташа бiлiм беру ұйымдарының желiсi жалпы алғанда мемлекеттiк мөлшерлемеге сәйкес келедi. Ауылда 369 жалпы бiлiм беру мектебi, 9 кәсiптiк бiлiм беру мектебi, ақыл-есiнiң дамуында кемшiлiктерi бар балаларға арналған 2 мектеп-интернаты жұмыс iстейдi.
Облыстың ауылдық мектептерiнде пәндердi тереңдетiп және профильдi оқытатын сыныптардың саны 191-ге дейiн артты. Барлық мектептер компьютерлендiрiлген және жылдың аяғына дейiн Интернет желiсiне қосылатын болады. Мұнда 6,9 мың, оның iшiнде 3,6 мың (51,6%) жоғары бiлiмдi, 2,7 мың (38,4%) орта арнайы бiлiмдi мұғалiм жұмыс iстейдi. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде бiлiктi педагог кадрлары жетiспейдi.
Облыстағы ауылдық бiлiм беру ұйымдарының негiзгi проблемасы оқу кабинеттерi мен шеберханалардың нашар материалдық-техникалық жарақтандырылуы болып табылады. Мектептердегi кiтапхана қорлары сапалық жағынан ескiрген. Кейбiр елдi мекендерде балаларды мектепке апаратын көлiк жоқ. Кәсiптiк бiлiм беру мектептерiнде техника мен станок жабдықтары шамадан тыс тозған.
Облыстың ауылдық аймақтарында жаппай спортпен айналысу жұмыстарын ұйымдастыру үшiн 435 дене шынықтыру қжымы құрылған. Сонымен қатар, балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтары мен балалардың, жасөспiрiмдердiң және ауыл жастарының мүдделерi бойынша бос уақыттарын ұйымдастыру клубтары жоқ.
Қазiргi уақытта ауылдық жерлерде 148 кiтапхана мен 113 клуб бар. Соңғы 10 жылда 300-ден аса кiтапхана мен сонша клуб жабылды. Ауылдық мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасы және оларды бiлiктi, әсiресе арнайы бiлiмдi кадрлармен қамтамасыз ету деңгейi нашар болып табылып қалуда. Тек қана 16% мәдениет қызметкерiнiң жоғары бiлiмi және 44%-ының - орта арнайы бiлiмi бар.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы өзектi болып тұр. қазiргi уақытта облыстағы 524-тiң 67 ауылдық елдi мекенiнде су құбыры, оның iшiнде 174 ауыз судың орталықтанбаған көздерi жұмыс iстейдi, 62 елдi мекен тасымалды сумен қамтамасыз етiледi. Қалғандары (221 пункт, немесе 42,2%) мемлекеттiк стандартқа сәйкес келмейтiн суды пайдаланады. Сапасыз ауыз судың негiзгi үлесi облыстың сегiз аймағына (Екiбастұз бен Ақсу қалаларының ауылдық аймақтары, Ақтоєай, Баянауыл, Ертiс, Качиры, Май және Павлодар аудандары) келедi, мұнда 20-дан 70%-ға дейiн ауыл санитарлық мөлшер талаптарына сай келмейтiн суды пайдаланады.
Ауылдағы жеке су құбырларының 22 % жуығы қажеттi техникалық қызметтiң көрсетiлмеуiнен және инженерлiк құрылғылардың уақытылы жөнделмеуiне байланысты жұмысын тоқтатты. Жқмыс iстеп тқрған ауылдық су құбырларында су тарату колонкаларының 85 % жұмыс iстемейдi, су қыспақты мұнаралар iстен шығарылған. Кент iшiндегi таратушы желiлердiң 60% астамы толық ауыстыруды қажет етедi. Жұмыс iстеп тұрған сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң азаю үрдiсi байқалады. Атап айтқанда, соңєы 8 жылда жұмыс iстеп тұрған су құбырларының саны 29-ға (32,9%), орталықтанбаған көздердiң саны 117-ге (36%) қысқарды.
Тарау 3. 3. Стратегияның мақсаттары, басымдықтары
3. Стратегияның мақсаттары, басымдықтары
Стратегияның мақсаттары:
облыстың ауылдық жерлерiндегi халықтың тұрмыс деңгейiн жақсарту; ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын саралауды қысқарту болып табылады.
Көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн жергiлiктi атқару органдары қызметiнң мынадай басымдықтары анықталған:
халықтың жұмыспен қамтылуын, зейнеткерлерге, мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына әлеуметтiк көмек берудi қамтамасыз ету;
ауылдық жерлердiң халқына көрсетiлетiн медициналық және бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын көтеру;
облыстың ауылдық елдi мекендерiнде адамның тiршiлiк әрекетiнiң әлеуметтiк және шаруашылық мәнiсiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ететiн қазiргi инфрақұрылым құру;
ауылдық жерлерде қазiргi технологияларды пайдаланылатын жаңа өндiрiстер құруға және дамытуға қаржылық және техникалық көмек көрсету;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
1-басымдық. Ауыл отбасыларының өзiне-өзi экономикалық молшылық жасау және тиiмдiлiгiнiң ұйғарынды шегiнен кем болмайтын кiрiстi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтудың белсендi саясатын қамтамасыз ету қажет, пайдалылықтың және еңбекақы төлеу деңгейiн өсiру есебiнен өмiршеңдiк уәждемесiнен даму уәждемесiне көшудi қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық өндiрiстi кеңейту, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту қамтамасыз етiледi, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар санын көбейту үшiн жеке ауласын дамыту, жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау және оларды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарымен жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және тұрғындардың нысаналы тобының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру.
Әр ауылда (селода) кедейлiктен шығуға қабiлетi бар азаматтардың харекеттi әлеуетiн жеткiлiктi шарада анықтамасын болжай алатын әлеуметтiк карталар жасаумен аз қамтамасыз етiлген азаматтардың есебi реттелетiн болады. Атаулы әлеуметтiк көмек бiрiншi кезекпен жұмысқа қабiлетсiз азаматтарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы балаларға көрсетiлетiн болады, қайырымдылық көмек беру жөнiнде жұмыстар жалғасын табады, жалғызiлiктi қарт, жалғыз тұратын азаматтарға ерекше назар аударылады.
Бұдан басұа, баршылыұ мәселелердi шешу мақсатында жер сапасы бойынша, табиғи және әлеуметтiк жеткiлiк жасалуын ең төмен жағдайы бар тұрғындардың жартысын, жағдайы бар басқа қолайлылау аймақтарға өз ерiктерiмен көшiру жағдайлары жасалады. Бұл үшiн экономикасы тоқырауға ұшыраған, аумаққа бағытталған iрiктемелi қаржылық саясатты, адамның тiршiлiк әрекетi жайғасымы және нарықтың қызмет ету келешегi бар әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi анықтау қажет.
2-басымдық. Медициналық қызметтiң әр ауылдық тұрғын қол жеткiзе алатынын арттыру үшiн бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң сапасы жақсарады және ауылдық медициналық ұйымдардың материалдық қоры нығаяды. Бұл мақсатта ауылдық медициналық ұйымдарға күрделi жөндеу және мына медициналық ұйымдар үшiн: Качиры және Ертiс туберкулез ауруханаларына, Май аудандық ауруханасына, Майқайың кентiнiң ауылдық учаскелiк ауруханасына, Баянауыл аудандық емханасына, Павлодар ауданындағы Красноармейка ауылының отбасылық дәрiгерлiк амбулаториясына типтiк үй-жайлар салу қажет. ОДА-лар, ФАП-тар және ФП-лар үшiн санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес үй-жайлар берiлетiн болады, дәрiгерлiк амбулаториялар стандарттарға сәйкес медициналық жабдықтармен жарақтандыру мен жаңарту жөнiнде шаралар қолданылады.
Облыстық диагностикалық орталығынан қашықтық медициналық кеңестер жүргiзу үшiн ақпараттық жүйелердi енгiзу маңызды мiндет болып табылады. Осы мақсатпен барлық ауылдық медициналық ұйымдар үшiн компьютерлар алынып, модемдiк байланыс құрылатын болады.
Халықты алдын ала тексеру, ерте диагностикалау және әлеуметтiк маңызды аурулар мен ортаға қауiп-қатерлi аурулар бойынша жұмыстарды күшейту қажет, сондай ақ ана мен бала денсаулығын сақтау жөнiнде де. Ауылдық жерлердiң халқын диспансеризациялау сапасын, 12-ден 18-ге дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдердi сауықтыру тиiмдiлiгiн көтеру, ауыл тұрғындарының дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуiне қол жетiмдiлiгiн арттыру жөнiнде iс-шаралар қабылдау қажет.
Бiлiктi медициналық кадрлармен ауылдық денсаулық сақтау қажеттерiн қанағаттандыру үшiн бiрiншi буындағы және стационарлардағы ауылдық медициналық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеру жөнiнде оқулар ұйымдастыру, облыстағы медициналық оқу орындары түлектерiн басымдықты тәртiпте ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына жiберу. Ауылдық жерлерге жаңадан келген медициналық қызметкерлердi тұрғын үймен қамтамасыз етудiң маңызы елеулi болады, қысқы мерзiмде отынмен және жеке ауласын ұйымдастыруда оларға жәрдем көрсетiледi.
Тарау 4. 4. Қорытынды
4. Қорытынды
Облыстың материалдық, қаржылық және зияткерлiк қорлары, республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi Стратегияны iске асырудың ресурстық базасы болып табылады.
Стратегияны iске асыру облыстық бағдарламаны қабылдау жолымен жүзеге асырылатын болады. Стратегияны iске асыру нәтижесiнде ауылда дамыған әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылым құрылады, ауылдық жерлердiң халқының тұрмыс деңгейi өсуi қамтамасыз етiледi.