Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О бюджете Аулиекольского района на 2007 год

Өзге акт · № 224 · қабылданған 15.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-30758/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О бюджете Аулиекольского района на 2007 год Қолданыста 15.12.2006 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О бюджете Аулиекольского района на 2007 год

Қолданыста Өзге акт № 224 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О бюджете Аулиекольского района на 2007 год
Атауы (қаз.)
Әулиекөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
15.12.2006
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
15.12.2006 30758_288759.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2006
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06NG000046
ЭКБ идентификаторы
30758
Редакция идентификаторы
30758_288759
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:28
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әулиекөл ауданының 2007 жылға

арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «2007 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы» шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 314 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ауданның 2007 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 1134701 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 396035 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1803 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2097 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 734766 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен субвенция - 556928 мың теңге;

2) шығындар - 1134701 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 0 мың теңге;

4) ауданның жергілікті атқарушы органының қарызын өтеуге бағытталған профициті - 0 мың теңге;

5) профицитті пайдалану - 0 мың теңге.

2. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 25007 мың теңге

сомасында, оның ішіңде республикалық бюджет трансферттерінің есебінен 16454 мың теңге, аудан бюджеті қаражаты есебінен 8553 мың теңге көзделгені ескерілсін.

3. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 116821 сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.

4. Аудан бюджетінде ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс атқарып жүрген білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мекемелері мамандарының

жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес процентке көтеруге шығындар, оның ішінде облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 20269 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.

5. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде автомобиль жолдарының қызмет істеуін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 10294 мың тенге сомасында мақсатты трансферттер көзделгені ескерілсін.

6. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2007 жылға арналған резерві 3500 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:

кезек күттірмейтін шығындарға - 3000 мың теңге;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 500 мың теңге сомасында.

7. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша жалпы міндетті орта білім қорының шығыны ағымдағы ұстау шығынынан 1 пайыздан кем емес мөлшерде көзделсін.

8. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жане Заңды тұлғалардың Жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен, тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9. 2007 жылға арналған аудан бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

10. Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2007 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

11. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Әулиекөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті

Мәслихаттың

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 224 шешіміне

1-қосымша

Әулиекөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті

Ауданының 2007 жылға арналған бюджеті дамуының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен

Мәслихаттың

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 224 шешіміне

2-қосымша

Ауданының 2007 жылға арналған бюджеті дамуының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен

2007 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Мәслихаттың

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 224 шешіміне

3-қосымша

2007 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2007 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі

Мәслихаттың

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 224 шешіміне

4-қосымша

Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2007 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі