Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Өзге акт · № 34/1 · қабылданған 21.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-30767/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста 21.12.2006 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Қолданыста Өзге акт № 34/1 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Атауы (қаз.)
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34/1
Қабылданған күні
21.12.2006
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
21.12.2006 · қолданыстағы 30767_323180.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2006
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06UN000030
ЭКБ идентификаторы
30767
Редакция идентификаторы
30767_323180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:23
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 «Бюджет кодексінің 80 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1. Түлкібас ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 1 951 747 мың теңге, оның ішінде:

салыктық түсімдер - 403314 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3044 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 64642 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 1 480 747 мың теңге;

2) шығындар - 1 951 747 мың теңге;

3) операциялық сальдо -0 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

6) бюджет тапшылығы - 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 0 мың теңге.

2. Аудан әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 21400 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

төтенше резерві - 11900 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві - 9500 мың теңге.

3. «Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңының 44-бабына сәйкес 2005 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.

4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық, поселкелік округтердің бюджеттік бағдарламалары қарастырылғаны ескерілсін:

- Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын қолдау;
Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;
- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
- Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.
Көрсетілген бюджеттік бағдарламаларға қаржыны ауылдық, поселкелік округтеріне бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

7. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.