Қолданыстағы ред. 27.11.2006 (Редакция 30772_302580.kaz)

2007 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы от 27.11.2006 г. № 321 (2007 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы)

0

2007 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын орындау, сонымен қатар мекемелерден, ұйымдардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі (1 қосымша) және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі (2 қосымша) бекітілсін.

2

2. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы “2006 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы” №300 қаулысының (мемл.тіркеу № 7-11-20 15.01.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.

4

4. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.

5. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 27 қараша
№321 қаулысымен бекітілді
1 қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі

1

1. «Тасқала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2

2. «Досуг» аудандық мәдениет демалыс орталығы мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорыны;

3

3. «Ақбөпе аудандық балабақшасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

4

4. «Тасқала балалар жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

5

5. «Мектептен тыс балалармен жұмыс орталығы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

6

6. «Тасқала аймақтық медициналық бірлестігі» мемлекеттік мекемесі;

7

7. «Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

8

8. «Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9

9. Тасқала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі;

10

10. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі;

11

11. Аудандық әділет басқармасы;

12

12. Аудандық салық комитеті;

13

13. Жалпы білім беру мектептері;

14

14. «Тасқала ауданы әкімияттының (шаруашылық жүргізуге құқылы) «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

15

15. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16

16. Селолық округ әкімдерінің аппараттары;

17

17. «ҚР ауылшаруашылық Министрлігінің Тасқала аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме;

18

18. «Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

24. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 27 қараша
№321 қаулысымен бекітілді
2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, нақты жағдайы
Еңбек ақы, теңге (айына)
1
Аумақты көгалдандыру, көркейту, және тазалау, саябақтар шруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
әскер қатарына шақыру мерзімінде, республикалық және облыстық кампаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізуге), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде хабарлама тасуға, спорттық жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, лагер аумағын жинастыруға, бұлақтарды тазарту және көркейтуге, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне.
Ең төменгі жалақы
2
Көмекші жұмысшылар болуға: құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен 1, 2 топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына.
Ең төменгі жалақы