Қолданыстағы ред. 27.11.2006

2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы от 27.11.2006 г. № 322 (2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы)

0

2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі (1 қосымша) және 2007 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар белгіленсін (2 қосымша).

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С.Мүсалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.

3

3. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы “2006 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесін бекіту және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы” № 298 қаулысының (мемл.тіркеу № 7-11-18 14.01.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.

5

5. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.

6. 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 27 қараша
№322 қаулысына 1 қосымша
2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі

1

1. Табысы аз адамдар;

2

2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3

3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4

4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5

5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;

6

6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7

7. Мүгедектер;

8

8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9

9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10

10. Оралмандар;

11

11. Жұмыссыздар.

18. 2007 жылға нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 27 қараша
№322 қаулысына 2 қосымша
2007 жылға нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар

Іс-шаралар
Барлығы, адам саны
Соның ішінде, нысаналы топ, адам саны
1
Жұмысқа орналастыру
365
182
2
Қоғамдық жұмыстарға жіберу
385
193
3
Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы
50
25
Соның ішінде:
- бастапқы даярлау
- қайта даярлау
- біліктілігін арттыру
15
30
5
10
13
2
4
Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу
61
61