2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі (1 қосымша) және 2007 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар белгіленсін (2 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С.Мүсалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы “2006 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесін бекіту және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы” № 298 қаулысының (мемл.тіркеу № 7-11-18 14.01.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
Басқа 6. 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 27 қараша №322 қаулысына 1 қосымша 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар;
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақ 7
7. Мүгедектер;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 10
10. Оралмандар;
Тармақ 11
11. Жұмыссыздар.
Басқа 18. 2007 жылға нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 27 қараша №322 қаулысына 2 қосымша 2007 жылға нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар № Іс-шаралар Барлығы, адам саны Соның ішінде, нысаналы топ, адам саны 1 Жұмысқа орналастыру 365 182 2 Қоғамдық жұмыстарға жіберу 385 193 3 Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы 50 25 Соның ішінде: - бастапқы даярлау - қайта даярлау - біліктілігін арттыру 15 30 5 10 13 2 4 Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу 61 61