Қолданыстағы ред. 20.12.2006 (Редакция 30871_350479.kaz)

Қаратал ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы от 20.12.2006 г. № 46-197 (Қаратал ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы)

0

Қаратал ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі 80-бабының 2-тармағына, 85-бабы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2007 жылға арналған аудандык бюджеті 1 қосымшаға сәйкес төмендегі көлемдерде бекітілсін:

1

1) Kipicтep 1048378 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша 393993 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 5095 мың теңге;
Heгізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 10632 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер бойынша 638658 мың теңге, соның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 181279 мың теңге, соның ішінде:
жалақы төлеуге 108036 мың теңге;
білімге 51832 мың теңге;
табысы аз отбасыларындағы 18 жаска дейін балаларға мемлекеттік жәрдемакылар төлеуге 16598 мың теңге;
мүгедектерді арнайы тазалық құралдарымен және қимылмен түсіндіретін мамандармен, жеке көмекшілерімен қамтамасыз етуге 1606 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілетті шектеу аясында берілетін ауыл шаруашылығы және жер ресурстарын басқару қызметін ұстауға 3207 мың теңге;
нысаналы даму трансферттер - 60329 мың теңге, соның ішінде:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 16500 мың теңге;
сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы мен қалпына келтіруге 43829 мың теңге;
субвенңия 397050 мың теңге.

2

2)Шығындар 1048378 мың теңге,

3

3)Операциялық сальдо 0 мың теңге,

4

4)таза бюджеттік несиелеуге 0 мың теңге,

5

5)қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге,

6

6)тапшылық 0 мың теңге,

7

7)бюджет тапшылығын қаржыландыруға 0 мың теңге.

2

2. 2007 жылға арналған жергілікті бюджетте төмендегі түсімдер ескерілсін:
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
мемлекеттік баж;
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кipicтep;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
басқа да салықтық емес түсімдер;
жерді сату;
облыстық бюджеттен түсетін түсімдер.

3

3. 2007 жылға аудан бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтардан кірістерді бөлу номативтері төмендегі көлемде белгіленсін:
жеке табыс салығы бойынша 100%;
әлеуметтік салық бойынша 100%.

4

4. 2007 жылға аудан бюджетіне облыстык бюджеттен берілетін субвенция көлемі 397050 мың теңге.

5

5. Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін аудан бюджетіне белгілетін мақсатты трансферттер 51832 мың теңге көлемінде қарастырылсын, оның ішінде:
Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінің типтік штатын ұстауға 30656 мың теңге;
Тестілеу пунктеріне оқушыларды әкелу, олардың тұруы, тамақтануын ұйымдастыруға 942 мың теңге;
Мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінің интернетке қосылуы және оның төленуіне 1737 мың теңге;
Мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінің кітапхана қорын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға 4455 мың теңге;
Мемлекеттік жалпы орта білім мекемелеріне лингофон және мультимедия кабинеттерін жабдықтауға 5582 мың теңге;
Физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 8460 мың теңге.

6

6. Табысы аз отбасыларында 18 жасқа дейін баларға мемлекеттік жәрдемакылар төлеуге 2007 жылға республикалық бюджеттен 16598 мың теңге сомасында, жергілікті бюджеттен 4150 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделсін.

7

7. Аудан бюджетіне жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектерді арнайы тазалық құралдармен және қимылмен түсіндіретін мамандармен, жеке көмекшілермен қамтамсыз етуге республикалық бюджет есебінен 1606 мың теңге нысаналы трансферттер қарастырылсын.

8

8. 2007 жылдың аудандық бюджетінде мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және қазыналык кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер 108036 мың теңге сомасында көзделсін.

9

9. 2007 жылдың аудандық бюджетінде республикалық бюджет есебінен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті шектеу аясында берілетін ауыл шаруашылығы және жер ресурстарын басқару қызметіне 3207 мың теңге қарастырылсын, соның ішінде:
ауыл шаруашылығы бөліміне 667 мың теңге;
жер қатынастары бөліміне 2540 мың теңге.

10

10. 2007 жылдың аудандық бюджетінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жалғастыруға 16500 мың теңге қарастырылсын, соның ішінде :
республикалық бюджет 15000 мың теңге;
облыстық бюджет 1500 мың теңге.

11

11. 2007 жылдың аудандық бюджетінде сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы мен қалпына келтіруге 43829 мың теңге нысаналы трансферттер ескерілсін.

12

12. Аудандық бюджетте төмендегілерді ұстауға қаржы бөлу көзделсін: өкілетті атқарушы органдарды және жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулерге 97302 мың теңге сомасында;
қорғанысқа 246 мың теңге;
білім беру мекемелеріне 745253 мың теңге сомасында;
әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 67977 мың теңге; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 71131 мың теңге сомасында; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 23251 мың теңге сомасында.

13

13. Автомобиль жолдарын icкe қосуды қамтамасыз ету және көліктік инфрақұрылымды дамытуға 14300 мың теңге сомасында қаржы бөлу көзделсін.

14

14. 2007 жылға арналған аудан Әкімдігінің резервіне кезек күттірмейтін шығындармен, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін сомасы 8500 мың теңге бекітілсін.

15

15. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

16

16. 2007 жылға арналған аудан бюджеттің атқарылуы барысында қысқартуға жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

17

17. Қаратал аудандық әкімдігіне:
өкілетті, атқарушы органдардың және мемлекеттік басқару оргадарының штат санының лимитін, сондай-ақ қызметтік жеңіл автокөлік лимитін, аудандық бөлімдер бойынша анықтасын;
қызмет көрсету бойынша қаржыландыруды жергілікті деңгейде аудандық бөлімдер есеп-шоттары арқылы атқарсын.

18

18. Қала және ауылдық округтер әкімдері салық комитеті аудан бойынша аудан бюджетінің салықтар мен төлемдер бойынша болжамдағы аудан бюджетінің орындалуын, шаруашылық субъектілерінің бюджетке қарызын азайтуды және қосымша кipic көздерін табуды қамтамасыз етсін.

19

19. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: